Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы аудандарда азаматтарды қабылдау жүргізуде

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы аудандарда азаматтарды қабылдау жүргізуде

Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзиннің тапсырмасымен Полиция департаменті басшылығының шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев азаматтарды қабылдауды Қордай ауданында өткізді. 

Қордайлықтардың арыз-шағымдары алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау, қылмыстық істерді тергеу барысы мен оларды созбалаңға салу деректеріне қатысты болды. 

Осы және басқа да жүйелі мәселелерді шешу бойынша сұрақтар Қордай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен өткен кеңесте де талқыланды. Әр өтініш бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді. 

Кеңес барысында Қордай ауданы бойынша 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылды. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 2023 жылдың 12 айында құқық бұзушылықтар саны 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға төмендеген. 

Президенттің тапсырмасы аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді анықтау сипатына көшкен болатын. Бұл тұрғыда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 221 адамға қатысты қорғау нсұқамасы шығарылды, 48 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Учаскелік полиция инспекторларымен 15 адам маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 455 рейдтік шаралар нәтижесінде полиция бөлімдеріне 981 жасөспірім жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 979 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 1 жасөспірім арнайы мектепте оқиды, 4 ата-ана өз құқықтарынан айырылды. 

Барлығы 8838 (2022 ж.- 5365) жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 80 жүргізушіні ұстады. Олардың барлығы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. 

ПД бастығының орынбасары қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыруды, жолдардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударды. Ол жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық оқиғаларының алдын алу және Іntegritycheck қызметкерлердің адалдығын тексеру жобасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, полиция бөліміндегі кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар болды. 

- Мұндай жұмыс сапарларының басты мақсаты – аудандарда «сервистік полиция моделін» енгізу, полиция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды бақылау болып табылады. Осындай кездесулер басқа аудандарда да өтетін болады. Өткізілетін күні мен орны туралы Полиция департаментінің ресми парақшаларына алдын ала хабарлама беріледі, - деп атап өтті Н.Рахметуллаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив