ІІМ-де нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес талқыланды

ІІМ-де нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес талқыланды

ІІМ-де ведомствоаралық штаб отырысында өңір әкімдерінің онлайн қатысуымен мемлекеттік органдардың басшылары Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуын талқылады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев қылмыстық қудалау органдары үшін есірткіні сараптау мәселесі өзекті екенін айтты. Ол “дәстүрлі” есірткілерді сараптамадан өткізу 10 күнге дейін, ал синтетикалық препараттарды тексеру бір айдан астам уақыт қажет ететінін атап өтті. Ал сарапшылардың шешімінсіз күдіктілерге бұлтартпау шарасын таңдау мүмкін емес. Бұл қылмыскерлердің жауапкершіліктен жалтаруына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан отырыста сот сараптамасы орталықтарының зертханалық жабдықты сатып алуы үшін бөлінген қаржыландыруды уақтылы және толық игеруді қамтамасыз ету ұсынылды. Әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлу тапсырылды.

Отырысқа қатысушылар кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі таратуға жиі тартылатынын назарға алды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделетіні еске салынды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов өткен жылмен салыстырғанда бұғатталған есірткі сайттарының саны екі есеге артқанын атап өтті. Мұндағы басты міндет – мұндай сайттарды анықтау ғана емес, сонымен қатар оларды бұғаттаудың жеделдігі. Бұған бейінді министрліктің күш-жігері бағытталған.

Қазақстандағы OLX өкілдігімен тиісті келісімге қол жеткізілді. Қазір елімізде әлеуметтік желілердің өкілдігін ашу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Есірткіге қарсы штаб отырысында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берілді. Олар нашақорлықтың алдын алудың толыққанды жүйесін ұйымдастырумен, сондай-ақ әрбір облыс орталығында медициналық-әлеуметтік оңалту жүргізе отырып, наркологиялық көмекті дамытумен байланысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив