Жыл басынан СҚО полицейлері Ресейде сотталуы тиіс екі күдіктіні ұстады

Жыл басынан СҚО полицейлері Ресейде сотталуы тиіс екі күдіктіні ұстады

Көрші елдердің полицейлері шекаралас және мемлекетаралық ынтымақтастық аясында тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Әсіресе, тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел ақпарат алмасады. Жыл басынан бері солтүстікқзақстандық полиция қызметкерлері көршілес елдердің сұрауы бойынша қылмыс жасауда күдікті 20 адамды анықтады. Негізінен, ресейлік әріптестермен ынтымақтастық жүргізілуде. Кезекті жүргізілген жұмыстардың бірінде Армения аумағында алаяқтық жасауға қатысы бар күдікті анықталды. Айта кету қажет, алаяқтық деректері ұрлық, жол-көлік оқиғаларымен бірге көрші елдердің сақшылары жіберетін сұрауларға жиі негіз болады.

«Бұдан бөлек, күзетпен қамауда ұстауда туралы бұлтартпау шарасы таңдалған тағы екі адам ұсталды, - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Олардың біреуі Өзбекстанға экстрадицияланды. Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Екінші адамды сот үкімі күтіп тұр, ол Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Сондай-ақ ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде Ханты-Мансийск автономды округінің және Санкт-Петербург қаласының аумағында 59 және 49 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды. Біріншісін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлері, екіншісін ауыр ұрлық жасағаны үшін петропавл полицейлері іздестірді. Мемлекеттердің ішкі істер органдарының тығыз қарым-қатынасы полиция жұмысының тиімділігін арттырады және жасалған қылмыстар үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыруға ықпал етеді». 

СҚО ПД баспасөз қызтемі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-zhyl-basynan-beri-resejde-sottaluy-tiis-eki-kudiktini-ustady/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив