РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер СҚО-да анықталды

РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер СҚО-да анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері шекаралас ынтымақтастық шеңберінде қылмыскерлерді іздеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан өңір аумағында РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер анықталып, ұсталды. Олардың көбісі Омбы облысында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған. Солтүстікқазақстандық полицейлер анықтаған үш қылмыскерге Калининград, Челябі, Владимир облыстарында іздеу жарияланған.

Ресейлік жедел уәкілдер іздестірген екі солтүстікқазақстандық заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп күдіктелуде. Петропавл қаласында анықталған 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кетіп өткені үшін ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына іліккен. Ал 26 жастағы солтүстікқазақстандық есірткі қылмыстарын жасағаны үшін Омбы облысының жедел уәкілдерімен іздестіріліпті. СҚО аумағында анықталған адамдар ауыр дене жарақаттарын келтіру, билік өкіліне қатысты күш қолдану, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, өлтіремін деп қорқыту жасағандары үшін іздестірілген. Мұндай қолсұғушылықтар Омбы және Түмен облыстарында жасалған. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, заңнамамен қарастырылған рәсімдерді жүргізді. Кейін қажетті мәліметтер ресейлік әріптестерге жіберілді.

«Шекаралас өңірлердің Ішкі істер министрлігі басқармаларымен бірлесіп жұмыс жүргізу жедел сұрақтарды шешуге көмектеседі. Басты міндет – жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету», - деп атап өтті СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив