7 және 9 мамыр қарсаңында СҚО полиция мұражайында батылдық сабағы өткізілді

7 және 9 мамыр қарсаңында СҚО полиция мұражайында батылдық сабағы өткізілді

(видео: https://youtu.be/aDgHbz12XbM

Мамыр мерекелері қарсаңында облыстық және қалалық полиция ведомстволарының жас қызметкерлеріне арнап, батылдық сабағы өткізілді. Бұл Солтүстік Қазақстан полициясының тарихынан алынған мысалдар арқылы таңдалған мамандықтың ар — намысы, батырлығы мен адалдығы туралы болды.

Кездесу кезекті арнайы атақтарды табыстаудан басталды. Таяуда қызметке кіріскен қызметкерлер СҚО ПД мұражайының қабырғасында полиция лейтенанттары мен аға лейтенанттарының погондарын алды. Музей меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, батылдық сабағы үшін қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция-батырлар мен ІІО қызметкерлеріне арналған стендтер жабдықталған. Жас полицейлер алдында адамдарды құтқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған полиция қызметкерлері Мейірбек Мейрам мен Қанат Фазылов сөз сөйледі.

Құрметті қонақ Солтүстік Қазақстан қылмыстық іздестіруде қызмет атқарған тірі аңыз адам — ІІО ардагері Фарит Бегішев болды. Отставкадағы полиция полковнигі Бегішев жедел жұмыстың барлық сатыларынан өтті, облыстық ІІБ криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымынан зейнет демалысына шыққан. Ол резонанстық қылмыстардың ашылуы туралы, полицияның қазіргі техникалық жабдықталуы, сол кездегі қызметкерлер үшін арман болғанын айтып өтті. Ол қызметтің алғашқы күндерінен бастап оны басқарған ең маңызды нұсқаулықпен бөлісті: "Үлкендер маған: Жұлдыздардың жарқырауы сіздің көзіңізге көлеңке түсірмейтіндей қызмет етіңіз, сонда сіз зейнет демалысына шыққан кезде адамдар жаныңыздан өтіп кетпей, керісінше сіздерген қолып беріп, амандасатын болады". 

Осындай сөзбен жас қызметкерлерге, СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова да жүгінді: "Батырлық жасау туралы армандаңыздар, қызмет бойынша өсуді армандаңыздар, бірақ ең бастысы — жаныңыздағы әрбір адамға көмектесу туралы армандарыңыз айқын болуы қажет. Бұл сіздің күнделікті жұмысыңыз, егер сіз оны адал орындасаңыз, сіздің жұмысыңыз еш уақытта назардан тыс қалмайды". 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив