Ішкі істер министрі Ерлан  Тұрғымбаев екі елордалық полицейді «Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі елордалық полицейді «Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

 Полиция қызметкерлері награданы Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды құтқарғаны үшін алды.

Жол-патрульдік полициясы полкінің плацында полиция аға лейтенанты Даулет Абуовты және полиция лейтенанты  Руслан Бүркітбаевты салтанатты жағдайда марапаттады.

Оқиға 26 наурызда орын алған. Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адам туралы ақпаратты  «Талас 201» патрульдері қабылдаған.  5 минут өткеннен кейін полицейлер оқиға орнына келген. Полицейлер ТЖК қызметкерлерімен бірге құтқару шараларын жүргізіп, мұздай судан ер адамды алып шыққан.

Ішкі істер министрі Ерлан  Тұрғымбаевтың атына аман қалған  ер адамның қызынан полицейлердің атына алғыс айталған хаты келіп түсті.

Айнұр Иманалиева ІІМ басшылығына жазған  хатында туысқандары мен жақындарының атынан оның әкесін құтқару кезінде батылдық пен ерлік танытқан  полицейлерді марапаттауды сұраған. Марат Иманалиев пен оның қызы елордалық Жол-патрульдік полициясы полкіне келіп, өмірін сақтап қалғаны үшін полицейлерге шын жүректен  ризашылық білдірді. Полицейлердің батыл және кәсіби әрекеттерінің арқасында ол өзінің аман қалғанын айтты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Малыбаев полицейлерге медальды табыстай отырып, адам өмірін құтқарып қалу кезінде батылдық танытқандары үшін оларға  алғыс білдіріп, алдағы уақытта өз қызметтік борышын адал орындауға  шақырды.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлерінің атына жылы лебіздерін білдіргендері үшін Иманалиевтарға  алғыс білдірді және елорда тұрғындарының алғысы полицейлер үшін ең жақсы награда болып табылатынын  айтты.

 

 Нур-Султан қ. Полиция департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив