СҚО-да полицейлер мен жұртшылық өкілдері адам саудасы және кадрмен қамтамасыз ету сұрақтарын талқылады

СҚО-да полицейлер мен жұртшылық өкілдері адам саудасы және кадрмен қамтамасыз ету сұрақтарын талқылады

СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның екінші отырысы жағымды сәттен бастау алды. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов ККО жаңартылған құрамына жаңа куәліктерді салтанатты түрде табыс етті. Айта кетейік, биылғы жылы органның құрамына СҚО ПД және ҚР Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов пен тележурналист Төлеген Иманов кірді.

Күн тәртібіне адам саудасына қарсы іс-қимыл және облыстық полицияның жеке құрамын жасақтау мәселелері енгізілді.

Облыс тұрғындарын, әсіресе халықтың осал топтарынан шыққан жастарды қазіргі құлдық қаупінен қалай қорғауға болады? Бұл мәселеге ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың сөз сөйлеуі арналды. Жыл басынан бері облыста адам саудасына байланысты 2 қылмыс тіркелді. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, қазіргі уақытта егжей-тегжейлерді жария ету мүмкін емес екендігін тілге тиек етіп, Жандос Басыбаев жезөкшелікпен айналысуға тартудың қылмыстық схемасы ашылғанын, оның ішінде сенімді теріс пайдалану, жоғары ақы төленетін жұмыс туралы алдау, құжаттарды иелену және психологиялық қысым туралы айтып өтті. Полицейлер ККО мүшелерімен алдын алудың проблемалық тұстарын талқылады, шешу жолдарын белгіледі: түрлі ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту. Атап айтқанда, адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша анонимді түрде жүгіну үшін интернет-ресурс құру туралы ұсыныс айтылды.

СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллинның баяндамасынан жиналғандар жеке құрам құрамды толықтыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы біле алды. Облыс полициясы учаскелік полиция инспекторларына ең үлкен қажеттілік — 35 бірлікті, ал жедел уәкілдерге — 20 бірлікті құрайды. Полицейлер оқу орындарының түлектерімен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. ҚР ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарын толықтыру бойынша шаралар қабылдануда, бұл полиция қатарын кадр офицерлерімен толықтыруға ықпал етеді.

Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, ККО - полицияның қоғаммен өзара іс-қимылының тиімді құралдарының бірі. Өңірде жақсы танымал және халық арасында лайықты беделге ие адамдардың жәрдемдесуі — полицияның қоғамның өзекті сұраныстарын қанағаттандыруға бағдарланған адамның орталықтандырылған жұмыс моделіне көшуіне сенімді көмек көрсету болып табылады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Kathlene 27 января 2024 20:52

    hey there and thank you for your information – I've certainly picked up something
    new from right here. I did however expertise several technical points using this
    site, as I experienced to reload the site a lot of times previous to I could get it to load properly.
    I had been wondering if your hosting is OK? Not that I
    am complaining, but sluggish loading instances times will often affect your placement
    in google and can damage your high quality score if ads and marketing with
    Adwords. Anyway I am adding this RSS to my email
    and can look out for a lot more of your respective interesting content.
    Ensure that you update this again soon.

    Feel free to surf to my web page: kup bactrim w aptece w Lublinie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив