СҚО полицейлері арнайы мекемелердің қызметкерлері үшін тренинг ұйымдастырды

СҚО полицейлері арнайы мекемелердің қызметкерлері үшін тренинг ұйымдастырды

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында 15 арнайы мекеме жұмыс істейді. Оларға айдауыл қызметі, арнайы қабылдағыш, қабылдағыш-таратқыш және уақытша ұстау изоляторы жатады. Оларда 200-ден астам қызметкер қызмет атқарады. Күн сайын олар бас бостандығынан айыруға сотталған қылмыс жасады деген күдіктілер мен айыпталушылармен жұмыс істейді. Мұндай жұмыс тәуекелді арттырады. Арнайы мекемелердің қызметкерлері арнайы контингенттің заңсыз әрекеттерін тез және батыл түрде тоқтатуға, өздерін және айналасындағыларды қорғауға дайын болуы керек. СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы олар үшін арнайы дайындық бойынша оқу-әдістемелік сабақтар өткізеді.

Кезекті сабаққа облыс орталығы мен СҚО аудандарынан 50-ге жуық қызметкер қатысты. Тергеу-қамауға алынғандарды қабылдау және тінту, тыйым салынған заттардың бар — жоғын, сот отырысы залдарын тексеру, өзіне зиян келтіру әрекеті кезінде айдауылдың іс-әрекеті-ерекше және өте жауапты тақырыптар. Қызметкерлер арнайы мекемелерде төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын, ондағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін зерделеді. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспектор-психологы полиция подполковнигі Екатерина Буданова олар үшін ұжымдық психологиялық тренинг өткізді.

"Сонымен қатар, қызметкерлер тәжірибе алмасты, қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады, қойылған міндеттерді шешу жолдарын анықтады, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Ринат Альчинбаев. - Арнайы мекемелердің бөлімшелерінде жұмыс істеу жоғары жауапкершілікті талап етеді, олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру — құқықтық тәртіпті сақтаудың негізгі аспектілерінің бірі". 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-arnajy-mekemelerding-qyzmetkerleri-ushin-trening-ujymdastyrdy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив