Династиялық әулетімді мақтан тұтамын

Династиялық әулетімді мақтан тұтамын

Қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзі бекер айтылмаса керек. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Молдаш Байтабын да әке жолын жалғап, ҚАЖ саласында  еңбек етіп жүр.

Бүгінгі таңда жас қызметкер  ЗК-169/4 мекемесінде режим және күзет бөлімінде бақылаушы болып жұмыс жасайды. Негізгі міндеті , сотталғандарды алып жүру, жұмыс орындарына апарып алып келу және осы кезеңде сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін қадағалап, тінту-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан ол жұмысына жауапкершілікпен және қырағылықпен қарайды.Ішкі істер органына жұмысқа тұру оның бала күнгі арманы еді.

Әкесі Молдаш Бөгенбай  ішкі істер органдарында  40жыл қызмет еткен. Ол 1980 жылы ҚазҚРО ІІМ Батыс Қазақстан көліктік милиция басқармасының   Қызылорда станциясының ІІЖБ-де  қатардағы  милиционерден бастап, ҚР ІІМ  басқармасының бастығы қызметіне дейін қол жеткізіп, қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан  отставкадағы полиция полковнигі. Ішкі істер басқармасы және Ұлттық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының гвардиясы және РҚБ, «Ерекше қауіпті жауынгерлер» РҚБ және «Невада-Семей» ӘДҚ КОФ кеңесшісі.

Жастайынан әкесінің арнайы үлгідегі киіміне  қызыққан бала Байтабын мен де осындай тұлға боламын деген қиялмен өсті.

Бүгінде  бала арманы орындалып, өмірде аяғын шалыс басып түзу жолдан тайған сотталған азаматтарды өмірге қайта тәрбиелеп, ҚАЖ саласына өз үлесін қосып жүр.

Абыройлы әкенің адал қызмет жолын жалғаған отбасындағы бауырлары Сайын, Айсара да еліміздің құқық саласында өз үлесін қосып келеді.

«Отбасымда ішкі істер органдарында қызмет атқару династиялық жол. Олай дейтінім менің атам Молдаш Сералы , әкем Бөгенбай Сералыұлы, әкемнің ағасы Қалмұрат Сералыұлы өз дәуірінде құқық қорғау саласында қызмет еткен. Мен де әулетімнің салған сара жолын жалғап келемін. Династиялық әулеттен шыққанымды мақтан тұтамын»,- деді әділет қатарындағы Байтабын Бөгенбайұлы.

Тәуелсіздік таңымен таласа туылған Байтабын Бөгенбайұлының алар асулары алда деп ойлаймыз.

Дана Достанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив