СҚО полиция департаментінде екі айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

СҚО полиция департаментінде екі айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел кеңесінде 2023 жылдың екі айындағы өңірлік полиция жұмысының қорытындысы шығарылды. Оған ПД басшылығы, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, сондай - ақ бейнеконференцбайланыс режимінде-аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы қатысты.  

Криминалдық және әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтері басқармаларының бастықтары баяндама жасады.

Облыстық полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов интернет-алаяқтық фактілерін ашу және алдын алу бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аудару қажеттілігін атап өтті. Бұл әсіресе көктайғақ пен маусымаралық кезеңге қатысты. Осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырмалары бейінді басқармалардың, аудандық бөлімдердің бастықтарына, сондай-ақ қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының командирлеріне берілді. 

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов шетелдік автомобильдерді заңдастыру барысы туралы баяндады. Бұл жұмыс облыста жолға қойылған: әкімшілік полицейлер жергілікті жерлерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін аталған тақырып бойынша кеңес алу үшін полицияның процессингтік орталығының Call-орталығына 8 (7152) 32-00-22 телефоны бойынша хабарласуға болады. 

Көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмыс туралы көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов баяндады. СҚО ПД бастығы облыстың шекаралас аудандарында: Ақжар, Мамлют және т.б. осы желі бойынша бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуге нұсқау берді. 

Бұдан басқа, қалалық полиция басқармасының басшылығына облыс орталығының аумағында қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша жұмыстарды жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар берілді.  

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-pd-da-eki-ajdyng-zhumys-qorytyndysy-bojynsha-zhedel-kenges-otti/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Bernd 7 сентября 2023 19:52

    I absolutely love your blog and find nearly all of your post's to be just what I'm looking for.

    Do you offer guest writers to write content for yourself?
    I wouldn't mind publishing a post or elaborating on a few of the subjects you write with regards to here.
    Again, awesome web site!

    My blog ... Kauf von bisacodyl
    als Schlafmittel

  2. аватар
    Darcy 18 октября 2023 21:23

    Magnificent goods from you, man. I have understand your
    stuff previous to and you're just too magnificent.
    I really like what you have acquired here, certainly like what you are stating and the way in which you say it.
    You make it enjoyable and you still take care of to keep it wise.
    I can't wait to read far more from you. This is
    actually a wonderful web site.

    Here is my web blog ... Andrew

  3. аватар
    Tobias 12 января 2024 03:22

    Do you have a spam issue on this site; I also am a blogger, and I was wanting to know your situation; many of us have created some nice methods and
    we are looking to exchange methods with others, please shoot
    me an email if interested.

    Look into my blog post :: Olen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив