Петропавл полицейлері мереке күндері «102» арнасына келіп түскен 1636 телефон қоңырауын қабылдады

Петропавл полицейлері мереке күндері «102» арнасына келіп түскен 1636 телефон қоңырауын қабылдады

Мереке күндері солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері күшейтілген түрде қызмет атқарды. Тек облыс орталығында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін тәулік бойы 200-ден астам полиция қызметкері қамтамасыз етті. Нәтижесінде – жылдың соңғы күні, жаңа жыл түні тыныш өтті. Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Ерік Құлжановтың айтуынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні кезекші тәулікте «102» пультіне 389 телефон қоңырауы келіп түскен. Көптеген сұрақтар кеңес беру сипатында болды, бірақ 91 жағдай полиция қызметкерлерінің жедел ден қоюын қажет етті.

Жалпы, мереке күндері 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері 1600-ден астам телефон қоңырауын қабылдады. Оның ішіндегі 479 хабарлама – жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы; 21-і – жол-көлік оқиғалары бойынша; түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша – 17. Сондай-ақ отбасылық жанжалдармен байланысты 45 қоңырау және ұрлық фактілері бойынша 26 хабарлама тіркелді.

Қалалық жедел басқару орталығының кезекші бейнебақылау инспекторлары мереке күндері 61 әкімшілік құқық бұзушылықты; жол жүрісі қағидаларының – 26 және қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйде жүрудің 35 фактісін тіркеді.

Тәртіп сақшылары ескерткендей, полицияға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы тек «102» телефон нөмірі арқылы ғана емес, сонымен қатар App Store және Google Play жүйелерінен тегін жүктеп алуға болатын «102» мобильді қосымшасы арқылы да хабарлауға болады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavldyng-102-arnasyna-mereke-kunderi-1636-qongyrau-kelip-tusti/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив