Шығыс Қазақстан облысында ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген

ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспорттарын уақтылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Азаматтардың жеке басын куәландыратын қандай да бір құжаттарының болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеу қызметтерін алуы шектелген, сондай-ақ олардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ.
Облыс орталығының 54 жастағы тұрғыны осындай азаматтардың бірі болып табылады. Ол 1988 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келгенін сол кезден бастап ешқашан қала сыртына шықпағанын айтқан. 20 жасында құжаттарын жоғалтқан ер адам отбасылық жағдайына байланысты ҚР азаматының жеке куәлігін уақытында ресімдей алмаған.
Қазіргі уақытта көші-қон қызметі қызметкерлерінің көмегінің арқасында ер адам көптен күткен құжатын алып, мемлекеттік қызметтерді пайдалана бастады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын ауыстырмаған 125-тен астам адамды анықтаған. Осыған байланысты ШҚО ПД қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынады.

ШҚО ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив