СҚОда отынды параға берген орман шаруашылығы директоры сотталды

СҚОда отынды параға берген орман шаруашылығы директоры сотталды

Бұл туралы ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсынымды қарау шеңберінде СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы хабарлады.

Іс материалдарынан а.ж. мамыр айында Қостанай облысының кәсіпкері Андрей Трифонов Жамбыл орман шаруашылығының директоры Еран Исимбаевқа 100 текше метр көлемінде отын сүрегін (қайың, көктерек) дайындау үшін делянаны алуға рұқсат беру туралы өтініш білдіргені белгілі болды.

«Жамбыл орман шаруашылығы директоры Исимбаев рұқсат беруден бас тартқаннан кейін кәсіпкер делянаны алу үшін заңсыз сыйақы ұсынды. Сол күні ол Еран Исимбаевқа 15 000 теңге көлемінде пара берді», - деді Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Спикердің айтуынша, Жамбыл орман шаруашылығының директоры бас тартуына негіз болған жоқ және өз әрекеттерімен отын сүрегін беруге кедергі келтіріп қана қоймай, жылыту маусымына дайындалып жатқан азаматтарды да қиын жағдайға душар етті.

Ағымдағы жылғы 1 қарашада Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Ерлан Исимбаевқа ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігі бойынша параның 25 еселенген сомасында айыппұл және Андрей Трифоновқа пара бергені үшін параның 15 еселенген сомасында айыппұл тағайындалды.

Өз кезегінде СҚО әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының жетекшілік ететін орынбасары тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, ұсынымды қарау қорытындысы бойынша процестер мен қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізе отырып, сүректі өткізу рәсімі мен беру көлемінің нормасын цифрлық форматқа ауыстыру ұсынылды.

«Мың теңгелік параның өзі мемлекеттік органның беделін және мемлекеттік қызметшілердің имиджін бұзатынын бәріміз түсінеміз. Қызметте әрқайсымыз адал еңбектің үлгісі болуымыз керек. Көптеген әріптестеріңіз 15 мың теңге - бұл ұсақ-түйек, үлкен көлемде де алатындар бар деп айтуларыңыз мүмкін. Мен келісемін, үлкен істердің мысалдары да бар. Бұл пара мөлшері туралы емес, заңсыз баю үшін жасалған мүмкіндіктер туралы. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындау сіздің салаңыздағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендететініне сенімдімін», - деп қайырды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив