Ақтөбе облысында пробация есебінде тұрғандармен қылмыстың алдын алу мәселесі аудан әкімдігіндегі комисси отырысында тыңдалды

Ақтөбе облысында пробация есебінде тұрғандармен қылмыстың алдын алу мәселесі аудан әкімдігіндегі комисси отырысында тыңдалды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №1 Пробация қызметі бастығы әділет майоры Гүлсезім Ешмағамбетова  және №2 Пробация қызметі бастығының м.а әділет майоры Сейдолла Абдуллин бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен қылмысты қайта болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің төрағалығымен өткен комиссия отырысында баяндама жасады.

Мұғалжар ауданы әкімдігінде өткен комиссия отырысы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыруға арналды.

Комиссия отырысында Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға медициналық анықтамалардан өту үшін медициналық көмек көрсету туралы атқарылған жұмыстар жөнінде Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров пен Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Нартай Теңізбаев есептерін берді. Содай- ақ, Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Жандос Кулбаев пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға құқықтық көмек көрсету, мәжбүрлі еңбекке және қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған тұлғаларды қоғамдық орындарда өтеу үшін жұмысқа қабылдау кезінде және күнделікті жұмысқа келуі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, арнайы киімдер және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы  атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ал, Пробация қызметі есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан жұмыссыздарды «Еңбек» бағдарламасы бойынша шараларға тарту және жұмысқа орналастыру бойынша аудан әкімінің қаулысымен бекітілген квотаның орындалу барысы туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғалым Дәрімбетовтың баяндамасынан көрініс тапты.

Сонымен қатар, Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар тарапынан қылмыстың алдын алу, қайта болдырмау, қылмысқа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында спорттық, мәдениеттік т.б. іс-шаралар өткізу туралы жұмыстарын аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Дәуренбек Сираж айтып берді.

Комиссия отырысы соңында аудан әкімінің орынбасары Ғалым Сенбайұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жұмыстарды жүйелі түрде орындау бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив