Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталған 140 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы алды

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталған 140 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы алды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Шалқар аудандық пробация қызметінің ықпалымен, өмірдің қиын жағдайына тап болған есепте тұрған сотталған 140 мың теңге бір реттік әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізді.

Шалқар аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұрмыстық қиын жағдайға тап болғаны үшін аталған жәрдемақыны алғысы келетіні жөніндегі өтінішін Пробация қызметіне білдірген. Ал пробация қызметі сотталғанның жағдайын және кәмелетке толмаған 3 баласы барын ескеріп, жергілікті жұмыспен қамту орталығына есепте тұрған азаматтың өтінішін жеткізіп, тиісті құжаттарды жинақтап, өткізуіне көмек береді.

Сотталғанның жазбаша білдірген өтініші бұған дейін аудан әкімдігінде өткен арнайы комиссия отырысында қаралған болатын. Аталған іс- шарада комиссия қорытындысымен, әлеуметтік көмекке өтініш жасаған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанның өтініші қанағаттандырылып, 140 мың теңге бір реттік ақшалай көмек көрсету туралы шешім шығарылды.

«Күні бүгінге дейін өмірдің қиын жағдайына тап болған бір сотталған 140 мың теңге бір реттік жәрдемақыға қол жеткізсе, тағы екі сотталған жәрдемақы алу үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына құжатттарын өткізіп койды.

Жалпы, пробация қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың түзелу жолына нық тұруы үшін атқарылып жатқан осындай көмек түрлері олардың қайта қылмысқа бармауына және өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі деп сенеміз, – дейді Шалқар аудандық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Ақгүл Аймбетова.

Айта кету керек, өткен жылы Шалқар аудандық пробация қызметінің ықпалымен аталған пробация есебінде тұрған 6 сотталған 140 мың теңге болатын бір реттік жәрдемақыға қол жеткізген болатын.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Lynn 4 сентября 2023 02:45

    I just like the helpful info you supply to your articles.

    I will bookmark your weblog and take a look at once more here frequently.
    I'm reasonably sure I'll learn a lot of new stuff proper here!
    Good luck for the next!

    Here is my page; Gerardo

  2. аватар
    Harris 12 апреля 2024 04:53

    Hey there, I think your website might be having
    browser compatibility issues. When I look at your
    blog site in Safari, it looks fine but when opening in Internet Explorer, it has some
    overlapping. I just wanted to give you a quick heads up! Other
    then that, very good blog!

    Here is my webpage acquista alavert
    legalmente in Bologna

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив