СҚО-да пәтер ұрлықтарының саны төрттен бірге төмендеді

СҚО-да пәтер ұрлықтарының саны төрттен бірге төмендеді

СҚО полицейлері тұрғын үйлердің WhatsApp-тағы чаттарына пәтерлерді пульттік күзетудің тиімділігі туралы хабарламалар таратуда. Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Даньяровтың айтуынша, адамдардың басым бөлігі тұрғын үйді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тәсілдері туралы біле бермейді. Облыста бұндай қызметтерді 14 жеке күзет құрылымы көрсетеді. Олар қызметтерін қол жетімді етуге тырысады, көбі пәтерлерді белгілі бір мерзімге күзетке алуға дайын, мәселен еңбек демалысы кезеңіне.  Пәтер ұрлығынан сақтанудың заманауи мүмкіндіктері туралы халыққа жеткізу үшін полицейлер Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің чат әкімшілеріне хабарлама таратуда.

«Пәтер ұрлығының санын азайту – СҚО Полиция департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі. Оны жүзеге асыру шеңберінде халықпен аталған ақпараттық жұмыс жүргізіледі,  - деді Руслан Даньяров. – Қазіргі уақытта облыста 1173 пәтер мен үй күзетілуде, олардың 1151-і орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған.  Аталған объектілерде бірде-бір пәтер ұрлығы тіркелген жоқ».

 Криминалдық полиция қызметкерлері СҚО-да пәтер ұрлығының төмендегенін атап өтті. 9 айдың ішінде осындай 290 қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр санаттағы (заңсыз кірумен байланысты) – 84. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 391 пәтер ұрлығы тіркелді, оның ішіндегі 91-і ауыр санатқа жатады. Ұрлықтың төмендеуі – 25,8 %, пәтер ұрлықтарының ашылуы – 79,3 % құрады. Полицейлер мүмкіндігінше кәсіби күзетшілердің қызметін пайдалануға, көп пәтерлі үйлердің кіреберістері мен аулаларда бейнебақылау камераларын орнатуға, мықты құлыптарды пайдалануға, бірінші қабаттағы тұрғындарға – терезелерге темір торларды орнатуға кеңес береді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Julie 16 апреля 2024 14:11

    I truly love your website.. Great colors & theme.
    Did you build this website yourself? Please reply back as I'm trying
    to create my own personal blog and would love to learn where you
    got this from or what the theme is called.
    Cheers!

    Feel free to visit my site :: kopen fosamax
    in Spanje

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив