Жамбылдық полицейлер  600-ден астам мас жүргізушіні анықтады

Жамбылдық полицейлер 600-ден астам мас жүргізушіні анықтады

Жол-көлік оқиғаларының  санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында мас жүргізушілерді анықтау бойынша күнделікті пысықтау  жұмыстары жүргізіледі.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері  мас күйінде автокөлікті басқарудың 679 дерегін  тіркеді.

Патрульдік полиция батальонының  қызметкерлері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мас күйінде көлік жүргізудің 83 дерегін анықтады. Осы санаттағы бұзушылардың жалпы санынан 8 адам жол-көлік оқиғасын жасады, 32 жүргізуші мас күйінде көлік басқаруға қайта отырған.

- Жазаны қатаңдату адамдардың мас күйінде көлікті жүргізуін  тоқтатпай тұр. Құқық бұзушылар өздерінің жауапсыздығымен басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады, кем дегенде 15 тәулікке қамаққа алынады.  Азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың барлық жауапкершілігін түсінудің маңыздылығын атап өткім келеді. Сіз осындай  немесе өзге де құқық бұзушылықтың қаншалықты қайғылы болатынын ешқашан білмейсіз, - деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Ержан Мананбаев.

-  Көлік жүргізушінің бағынбайтын кездері де болады,  қудалауға тура келеді, қызметкерлерге қарсылық көрсетеді. Ал мас жүргізушілер  медициналық тексеруден өтуден бас тартып қана қоймай,  жанжал шығарады.  Бұның соңы  15 тәулікке қамаққа  алынып, 8 жыл жүргізуші куәлігінен айырылуға әкеп соғады. Бұдан басқа, мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған және сот шешімімен автокөлікті басқару құқығынан айырылған жүргізушілер 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Егер,  сіз жол белгісін немесе қоршауды құлатсаңыз да жауапқа тартыласыз, - деді  ведомство өкілдері.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив