Заңды өкілдер енді eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдардың мүлкі туралы анықтама ала алады

Заңды өкілдер енді eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдардың мүлкі туралы анықтама ала алады

Кәмелетке толмаған балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдері енді eGov.kz порталының көмегімен жылжымайтын мүліктің бар екені және оған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді алу процесін едәуір жеңілдетеді және оларды әртүрлі санаттағы азаматтар үшін едәуір қолжетімді етеді.

Мемлекеттік қызмет енді үшінші тұлғаларға, атап айтқанда 18 жасқа толмаған баланың (оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы) қамқоршыларына және әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғалардың заңды өкілдеріне қолжетімді.

6-нысан бойынша анықтама өтініш берушінің атында жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екенін растайды, ал 2-нысан бойынша анықтама объектіге меншік құқығы және тыйым салу немесе кепіл сияқты ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл мәліметтер жылжымайтын мүлік мәмілелері, кредит алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және басқалар сияқты әртүрлі заңды және әкімшілік процедуралар үшін қажет.

Заңды өкілдер анықтамаларды алу үшін:

- eGov.kz порталында авторизация жасауы және «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөліміне өтуі;

- қажетті қызметті таңдауы: «Ф-6 анықтамасы (жылжымайтын мүліктің бар екені туралы)» немесе «Ф-2 анықтамасы (ауыртпалықтардың, кепілдің, жылжымайтын мүлікке тыйым салудың жоқ екені туралы)»;

- «Қызметті алу» тармағында «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдауы;

- қажетті өрістерді толтыруы;

- өтінімге қолжетімді әдістердің бірімен қол қоюы қажет.

Пайдаланушы қызметтің нәтижесімен Жеке кабинетке өту арқылы таныса алады.

Қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Aulia Fitri Zuhri 27 ноября 2024 08:35

    Заңды өкілдер өз бақылауындағы адамдардың мүлкі туралы ақпаратты eGov.kz порталы арқылы ала алады, бұл цифрлық тиімділікке жасалған үлкен қадам. Дегенмен, WiFi маршрутизаторының қызметі және оның интернетті тегіс ету үшін жұмыс істеу жолы да цифрлық қолжетімділікті жақсартудың маңызды факторы болып табылады. Толық ақпарат алу үшін мына жерден мақаланы қараңыз <a href="https://jakarta.telkomuniversity.ac.id/en/wifi-router-functions-and-
    how-they-work-for-smoother-internet/">Telkom University Jakarta</a>

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.