Дүкеннен бір бөтелке ішімдік ұрлаған Ақтөбе облысының тұрғыны жазасын қоғамдық жұмыспен өтеуде

Дүкеннен бір бөтелке ішімдік ұрлаған Ақтөбе облысының тұрғыны жазасын қоғамдық жұмыспен өтеуде

Бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу жазасы тағайындалып, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебіне алынған азамат, Пробация қызметкерлерінің бақылауымен жазасын қоғамдық жұмыспен өтеп жүр.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған азамат күніне 8 сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарды абаттандыру, қоқыс тазалау секілді т.б. жұмыстарды жасау арқылы жазасын өтеп келеді.

«Әрине, жасаған ісіме өкінемін. Сол кезде ішкілікке салынып жүріп, осындай ұятты әрекетке бардым. Енді жазамды қоғамдық жұмыспен өтеп жүрмін. Бұл маған сабақ болды, – дейді пробация есебінде тұрған азамат.

"Қоғамдық жұмыспен айналысу үшін сотталғандардан еңбек біліктілігі талап етілмейді және есепте тұрғандар тұрғылықты жері бойынша қоғам үшін пайдалы жазасын өтейді. Яғни, егер есепте тұрған азамат ауылда тұрса, қылмыс жасаған жеріне қарамастан сот белгілеп берген қоғамдық жұмыс сағаттарын тұрғылықты жері бойынша өтейді", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив