Өскемен полицейлері 2 мыңнан астам  абаттандыру ережелерін бұзушылықты анықтады анықтады

Өскемен полицейлері 2 мыңнан астам абаттандыру ережелерін бұзушылықты анықтады анықтады

Абаттандыру ережелеріне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көшелерде, алаңдарда, жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және жалпы пайдалану орындарында қоқыс тастауға тыйым салынады.  Бұдан басқа, тұрмыстық қатты қалдықтарды жағуға, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тазартылмаған суларын су қоймаларына тастауға, көлік құралдарын жууға, тазалауға және жөндеуге, сондай-ақ кілем бұйымдарын тұрғын кварталдардың ішінде және жалпы пайдалану орындарында, су тарату колонкаларының жанында, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, су айдындарында, адамдардың жаппай демалу орындарында жууға рұқсат етілмейді.

Тәртіп сақшылары «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» ҚР ӘҚ туралы 505-бабының 1-бөлігін бұзу ескерту жасауға не 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады. (61 260 теңге)

Өскемен қ.ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері халықпен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен, сондай-ақ қоқыс жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың басшыларымен тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Өскеменде полицейлер абаттандыру ережелерін бұзудың 2150-ден астам фактісін анықтады. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Құқықтық тәртіп сақшылары қала тұрғындарын бөлінген аумақты санитарлық күтіп ұстау мен абаттандыруды қамтамасыз етуге шақырады, өйткені үй маңындағы аумақ әрбір үй иесінің визит карточкасы болып табылады, сонымен қатар тұрмыстық қоқысты бұл үшін белгіленбеген орындарда қалдырмауға шақырады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив