Нұр-Сұлтан полицейлері жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігін еске салады

Нұр-Сұлтан полицейлері жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігін еске салады

22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында жаңа оқу жылының басталуы кезеңінде қоғамның назарын балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне аудару мақсатында «Назар аударыңыз, балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

«Барлық оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысының балалар жылында өскелең ұрпақты қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша қойған міндеттерін іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Балалардың қауіпсіздігі елордалық полиция жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізуде.  Сондай-ақ оқушылармен сабақтар, дәрістер өткізу, көрнекі үгіт тарату арқылы профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік желілер алаңдарын, түрлі-түсті графика мен бейнероликтерді пайдалана отырып, балаларды интерактивті түрде оқытуға баса назар аударылады.

Бүгінде тәртіп сақшылары мектептерге іргелес жатқан аумақтар мен көлік жүретін жерлерді мұқият күзетеді, барлық мектептерде полиция жасақтары қойылған.  

Ағымдағы жылдың 7 айында елорда аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жарақат алған 67 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 71 бала жарақат алып, 1 бала қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, сондай-ақ жолда ұқыптылық пен қырағылықты жоғалту болып табылады. Бұл ретте белгіленген орындардан тыс жүру бөлігінің қиылысуы неғұрлым жиі кездесетін бұзушылық болып қала береді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді. Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және аулаларда жүрген кезде өте мұқият болыңыз. Тұрғын үй аймағында автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек және тек жүру бөлігіне ғана емес, тротуарлар мен балалар алаңдарына да назар аударуы керек.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив