Елордада «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс шарасы өтуде

Елордада «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс шарасы өтуде

Жыл басынан бері елорда аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 67 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда бір бала қаза тапты.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережелерін сақтамауы, сондай-ақ жолда мұқияттылық пен қырағылықты жоғалтуы. Бұл ретте балалардың белгіленбеген жерлерден жол бөлігін кесіп өтуі жиі кездесетін бұзушылық болып табылады.

Мәселен, «Ford Mondeo» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленген жүріс бөлігінен бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігіне қатысты негізгі ережелерді біліп хабардар болуларына көп көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар соңғы үрдістерді ескере отырып, балаларды интерактивті түрде оқытуға, әлеуметтік желілер алаңдарын, түрлі-түсті графика мен бейнероликтерді қолдануға баса назар аударылады.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында «Назар аударыңыз – балалар!» атты жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірінші кезеңде мүдделі органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру объектілерінің жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелеріне мониторинг жүргізіледі.

Екінші кезең 1-12 қыркүйек аралығында оқушылармен тікелей профилактикалық жұмыстарды қамтиды: сабақтар, дәрістер өткізу, көрнекі үгіт-насихат тарату.

Оқу жылының басталуымен мектептердің жанына жасақтар қою, мектеп сабақтарының ауысымы және кешкі уақытта аяқталуы кезеңінде патрульдеуді күшейту жоспарлануда.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар үшін белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтай отырып, жол қауіпсіздігі мәселелеріне арналған бірқатар ұйымдастырушылық, сауықтыру шаралары жоспарлануда.

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив