«Бостандықтағы медицина қызметкерлерінен артық болмаса, кем қызмет көрсеткен жоқ»: Ақтөбеде түрме дәрігерлері сотталғанның бостандықтағы алған жарақатын тегін тексертіп, жәрдемақыға қол жеткізуіне көмектесті

«Бостандықтағы медицина қызметкерлерінен артық болмаса, кем қызмет көрсеткен жоқ»: Ақтөбеде түрме дәрігерлері сотталғанның бостандықтағы алған жарақатын тегін тексертіп, жәрдемақыға қол жеткізуіне көмектесті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА- 168/2 түзеу мекемесінің медициналық қызметінің дәрігерлері жазасын өтеуші сотталғанның шағымы бойынша, бостандықта алған ми жарақатының әсерінен көруі нашарлаған көзін тегін тексертіп, І топ мүгедектігі белгіленіп, жәрдемақы тағайындалуына ықпал етті.

Түзеу мекемесіне енді келген жазасын өтеушілерді медициналық тексерістен өткізу кезінде, сотталған Б. түзеу мекемесінің медициналық қызметі дәрігерлеріне көзінің көрмейтіндігін айтып шағымданады. Айтуынша, көз көруінің нашарлығы оған 2015 жылы бостандықта алған ми жарақатының салдарынан келген.

КА- 168/2 түзеу мекемесінің дәрігерлерінің бастамасымен жазасын өтеуші азаматқа қатысты дереу Ақтөбе қаласының азаматтық денсаулық сақтау секторы жағдайында медициналық тексеру және кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылады. Жазасын өтеуші түзеу мекемесі дәрігерлерінің ықпалымен №1 қалалық емхана және жергілікті клиникадан қажетті зерттеу нәтижелерінен өтіп, оған қатысты «Екі көздің толық соқырлығы» клиникалық диагнозы қойылады. Осыдан кейін мүгедектікті рәсімдеу бойынша дәрігерлік кеңес комиссиясына ұсынылған сотталғанға мекеменің медициналық қызметінің күшейтілген жұмысының арқасында көру қабілеті бойынша 1 топ мүгедектігі тағайындалады.

«Аталғаннан кейін сотталғанның көзінің толық көрмеуіне байланысты түзеу мекемесінен босату бойынша өтініші Сот қаулысымен қанағаттандырылып, ҚР IIМ №530 бұйрығымен бекітілген «Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидаларына» сәйкес, сотталған Б. денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылады. Осыған сәйкес, сотталғанның бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімі сол мерзімге бас бостандығын шектеу, яғни қоғамнан оқшаулаусыз жазаға ауыстырылды. Яғни, Сот қаулысына сәйкес жазасын өтеуші сотталған жазасының өтелмеген қалған бөлігі: 2 жыл 9 ай 6 күнді енді пробация қызметінің есебінде бас бостандығын шектеу жазасы бойынша өтейтін болады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

«Бостандықта жүргенімде дәрігерлер көзіме қатысты мүгедектікті 1-2 жылға ғана тағайындайтын. Өзім көзіммен алысып жүргенде, сол кезде құжаттарды қайта рәсімдеу үшін тиісті орталықтардың табалдырығын талай тоздыратынмын. Енді міне, көпжылғы арманым орындалып, түзеу мекемесінің медицина қызметінің дәрігерлері көзіме арналған мүгедектікті «мерзімсіз» қылып рәсімдеп берді. Жалпы, мекемеге келген күннен бастап тиісті медициналық тексерістерден өткізіп, ем алуыма көмектескен КА- 168/2 түзеу мекемесінің дәрігерлеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді»,- дейді жазасын өтеуші сотталған Б.

Көру қабілеті бойынша 1 топ мүгедектігі тағайындалған жазасын өтеуші қазіргі уақытта мемлекеттен 85 мың теңге жәрдемақы алып, қажетті дәрі- дәрмектеріне жұмсауда. Осы орайда, үш бала тәрбиелеп отырған жазасын өтеушінің жұбайы түзеу мекемесінің медициналық қызметінің дәрігерлері тарапынан көрсетілген жәрдемге алғысын төмендегідей жазбаша хатпен білдірді: «Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің және КА- 168/2 мекемесінің басшылығына алғысымды айтамын. КА- 168/2 мекемесінің қызметкерлеріне соның ішінде медицина бөлімінің қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Себебі темір торда отырса да немқұрайлылық танытпай бостандықтағы медицина қызметкерлерінен артық болмаса кем қызмет көрсеткен жоқ. Солардың арқасында жолдасым ертерек бостандыққа шықты. Қуанышымыз шексіз. Мекеме қызметкерлеріне зор денсаулық, жұмыстарына береке берсін!».

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив