Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі азамат пробациялық бақылауға алынды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі азамат пробациялық бақылауға алынды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы дүкендердің бірінен зат ұрлаған екі азамат жуырда Қазалы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Олар  Алматы қаласының  Әуезов аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабынының 3-бөлігінің 2,3- тармағымен   кінәлі деп танылып,  әр қайсысына 2 жыл 6 ай  бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Өздерінің айтуынша олар алтыншы қаңтар күні киім дүкеніне ұрлыққа түсіп, ұрлық жасаған.

Қазіргі таңда олар  өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Жалпы мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген.

Жыл басынан Қазалы аудандық пробация есебінде тұрған 34 сотталған азамат сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбекті тәртіп бұзушылықсыз толық атқаруда.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив