Петропавлда полиция автопаркінде балаларға Ашық есіктер күні өткізіледі

Петропавлда полиция автопаркінде балаларға Ашық есіктер күні өткізіледі

Петропавл қаласында тұратын үш жастағы баланың ата-анасы ұлының патрульдік көліктерге деген ерекше қызығушылығын айтып жеткізді. Дархан Құсайын әлі сөйлей алмайды, көшеде полиция автокөлігін көріп қалған кезде, сигналды-дыбыстық құрылғының дыбысын келтіруге тырысады екен. Баланың анасы полицейлерге автокөлікті көрсетіп, балақайға жолаушылар орнына отырып көруге рұқсат беру туралы өтінішімен жүгінген.  «Бұл ол үшін ерекше мереке болды. Өте әсерлі. Ойыншықтар дүкенінде патрульдік автокөлікті көрсе, өтіп кете алмайды. Кейіпкерлері полицейлер болатын мультфильмдерді жақсы көреді», - дейді Дарханның анасы.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлікте міндетті түрде балалар креслосын пайдалану қажеттігі туралы еске салды. «Балақай өте қуанышты болды. Баланың полицейлерден қорықпай, қорғаушы ретінде қабылдайтыны қуантады. Біз мектептерге жиі барып тұрамыз, оқушыларды полиция жұмысымен таныстырып, сенімдерін арттыруға тырысамыз», - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Балаларды қорғау күнінде батальонның автопаркінде Ашық есіктер күнін өткізеді. Барлық балаларға есік айқара ашық, келіп полиция жұмысымен таныса алады. Іс-шараның басталуы 1 маусым күні сағат 11:00-де (Петропавл қ., Парковая көшесі, 57 «А»). Барлық сұрақтар бойынша солтүстікқазақстандық полицияның Instagram-дағы @sqo_pd ресми аккаунтына немесе 8-777-324-66-93 телефонына хабарласуға болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив