СҚО полицейлері жыл басынан 17 килограмнан астам түрлі есірткіні тәркіледі

СҚО полицейлері жыл басынан 17 килограмнан астам түрлі есірткіні тәркіледі

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірінші тоқсанды қорытындылады. Қаңтар айынан бері облыста есірткінің заңсыз айналымының 55 фактісі тіркелген, оның 21-і есірткіні сату фактісі. Жедел уәкілдер есірткіні заңсыз жарнамалау және насихаттаудың 3 фактісін анықтады. Сотқа есірткі құқық бұзушылықтары  бойынша 41 қылмыстық істің материалдары жіберілді.   

Облыс аумағының жолдарында есіркілік масаң күйде рөлге отырған 20 жүргізуші ұсталды. Наурыз айының соныңда Петропавл қаласының  Интернациональная көшесінде жол ережесінің өрескел бұзушылығын жасағаны, яғни тұтас қосарланған жолақты кесіп өткені үшін «ВАЗ 21060»  көлігінің 32 жастағы қала тұрғыны тоқтатылды. Жүргізуші есірткіні қолданғаннан кейін көлікті жүргізгені белгілі болды. Ол өзінің өміріне ғана емес, қасындағы жолаушының өміріне де қауіп төндіргені туралы айта кеткен жөн. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сотпен әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, бұдан бөлек, ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

«Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында «нашақорлық» диагнозымен 549 адам есепте тұр, оның 38-і әйел және 3-уі жасөспірім, – деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Дозаны асыра пайдаланғандарды жедел жәрдем емдеу орындарына 35 рет жеткізген. Полицейлер кәмелетке толмағандардың есірткіге әуестенуіне ерекше алаңдаулы. Білім саласы қызметкерлерімен бірге кәмелетке толмағандар арасында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері білім ошағында 27 дәріс, 8 дөңгелек үстел, 10 семинар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Мыңнан астам кәмелетке толмаған қамтылды».

СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 17 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 1 кг 082 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.   

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

8 пікір

  1. аватар
    Jakvcx 4 июня 2022 01:35

    order lasix 100mg without prescription - <a href="https://ivermecptin.com/">stromectol without a doctor prescription</a> ivermectin 50ml

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив