Бір тәулік ішінде Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың 30-дан астам заңды өкілдері жауапқа тартылды

Бір тәулік ішінде Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың 30-дан астам заңды өкілдері жауапқа тартылды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тәртіп сақшылары қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын басқа да орындарды тексерді.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері түнгі қала бойынша заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 13 наурызында сағат 23.20 шамасында Тараз қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік округте патрульдеу кезінде Шостакович көшесінде сағат 23.00-де болған 16 жастағы жасөспірімді анықтады.

Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде таңғы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін болғаны үшін 30-дан астам жасөспірімдерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. 2 заңды өкіл ата-ана құқықтарынан айырылды. Профилактикалық есепке 1 жасөспірім қойылды.

Сондай-ақ, рейд барысында әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізе отырып, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау тұрғысынан әртүрлі объектілер тексерілді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарға балалардын сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүргені үшін жауапкершілік қарастырылғанын, заңбұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылатынын хабарлайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив