ІІМ басшысы ШЫҰ Өңірлік антитеррористік құрылымы Атқарушы комитетінің директорымен кездесті

ІІМ басшысы ШЫҰ Өңірлік антитеррористік құрылымы Атқарушы комитетінің директорымен кездесті

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаевпен кездесті.

Ведомство басшысы Руслан Мирзаевты жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Министр өз сөзінде трансұлттық қауіп-қатерлермен – ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы, заңсыз көші-қон, есірткі бизнесі, экстремизм және терроризмге қарсы күресті тек бір елдің құқық қорғау органдарының күшімен жүргізу мүмкін еместігін атап өтті. Дәл осы мәселелерде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Өңірлік антитеррористік құрылымы ерекше рөл атқарады.

Министр алғашқылардың бірі болып ел басшылығының террористік топтарды бейтараптандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде конституциялық құрылысты қорғау жөніндегі батыл шараларына қолдау білдірген ШЫҰ ӨАТҚ Атқарушы комитетіне ризашылығын білдірді.
Қатысушылар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты. Тараптар қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан ІІМ халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ШЫҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, БҰҰ және басқа да халықаралық форматтар шеңберінде кеңейту бойынша қажетті шараларды қабылдауды жалғастыратынын атап өтті.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/331639?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив