Петропавлдағы интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілі

Петропавлдағы интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілі

Алаяқ Петропавл тұрғынына WhatsApp арқылы банкпен жасалған шартқа ұқсас құжаттың суретін жіберіп, қулығын іске асырған.

Ақпанның 10-ы әйелге қоңырау шалып, өзін Халық банкіненмін деп таныстырған. Ол біреу сіздің атыңызға сомасы 4 миллион теңгеге несие ресімдемекші болып жатыр, операцияны құптамаңыз деген. Кейін әйел полицейлерге қауіп туралы білгенін, алайда алаяқтың WhatsApp мессенджері арқылы несиенің күшін жою туралы «шарт» жолдағаннан кейін қылмыскерге сеніп қалғанын айтқан. Жолданған PDF-сурет нағыз құжат сияқты көрінген, банктің логотипі де болған. Қылмыскерге сенген әйел өзінің есеп шотына жасалған қолсұғушылықты тоқтату үшін 4 миллион теңгеге несие ресімдеп берген. Ақша қаражатын «сақтандыру шотына» аударған, ал түскен ақшаны алаяқ өз керегіне жаратқан. Жәбірленуші «шартта» өзінің аты-жөні көрсетілмегенін кейін ғана байқаған. Алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген ол, полицияға жүгінеді.

«Полиция қызметкерлерімен жүргізілетін интернет-алаяқтықтың профилактикасы өз жемісін беруде, адамдар қауіп туралы хабардар, - дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Дегенмен, аферистер адамдардың сеніміне кіру үшін жаңа айла-амалдарды ойлап табуда. Олардың мақсаты – адамдардың жеке құпия мәліметтерін сұрап алып, қаражатына қол жеткізу немесе олардың аттарына несие ресімдеу екенін білген жөн. Қандай жағдай болмасын, бөгде адамға құпия мәліметтеріңізді, пин-кодты, sms-хабарламаммен келетін бірреттік  құпия сөзді айтпаңыздар. Телефон арқылы таныс емес тұлғалармен қаржы операцияларын жүргізуге болмайды. Егер қаражатыңыздың қауіпсіздігі туралы күмәндансаңыз, банк филиалына барыңыз. Егер «банк қауіпсіздігі қызметінен қоңырау» түссе, әңгімені дереу доғарыңыз, бұл-алаяқтар».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив