Петропавлда бұрын бірнеше рет сотталған күдіктілерді полиция капитаны оқиға орнында ұстады

Петропавлда бұрын бірнеше рет сотталған күдіктілерді полиция капитаны оқиға орнында ұстады

4 ақпан күні Петропавл қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Жасұлан Балдиков Бөкетов көшесіндегі үйінен шыға бере, екі жас жігітке көзі түседі. Олардың белгілері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен іздеуде жүрген адамдарға ұқсайды. Ақпаратты әріптестеріне жедел хабарлап, өзі оларды ұстауға шара қабылдаған. Бірақ күдіктілер қарсылық танытып, жасырынбақшы болған. Оқиға орнына шұғыл түрде криминалдық полиция қызметкерлері жетіп, екі жігітті ұстады. Тексеріс кезінде олардан алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттар алынды.

Күдіктілер ұсталғаннан кейін, осы кезде полицияға Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінен ақша және басқа да құнды заттар ұрланды деген хабар түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған екі адамның осы ұрлыққа қатысының барлығы анықталды. Мұны алынған заттай айғақтар растады, яғни Сәтпаев көшесіндегі пәтерден ұрланғандар болып шықты. 

Ұсталғанның екеуі де бұрын сотталған 32 және 24 жасар Көкшетау қаласының тұрғындары. Петропавлға бірер күн бұрын таксимен келген. Жұмыс уақытында иелері жұмыста болған пәтерлерді торыған.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив