Қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма қол ақшаға айналдыруға қарсы тұру бойынша ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметі туралы

Қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма қол ақшаға айналдыруға қарсы тұру бойынша ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметі туралы

2019 жылдың қазан айынан бастап жалған шот фактураларды және криминалды ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыруға қарсы тұру бойынша "STOP-ОБНАЛ" жедел - профилактикалық іс шаралары жүргізілуде. 

2021 жылғы 9 желтоқсанда ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті  ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, ҚР қаржылық нарықты реттеу және дамыту бойынша агенттіктің Өскемен қаласындағы аумақтық өкілдігінің, ҚР Ұлттық банкінің, екінші дәрежелі банктердің өкілдерінің қатысуымен криминалды ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдырудың деңгейін төмендету  мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Департамент басшысының орынбасары Р.Касимов Департамент қызметінің негізгі бағыттарын, аймақтағы криминалды ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру бойынша жүргізілген талдауды қатысушылардың назарына жеткізіп, ақшаны қол қол ақшаға айналдыру бойынша «лидер» банктерді  атап өтті.

Ақша қаражатының көлеңкелі айналымын ашу бойынша қылмыстардың динамикасы слайд түрінде көрсетіліп, облыстың екінші дәрежелі банктерінің филиалдарында ақша қаражаттарын жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан қылмыстық қудалауға ұшыраған кәсіпорындар мысалға келтірілді.

Бүгінгі күні ҚР қылмыстық кодексінің 216 бабы жалған есеп шоттарды жазып беру фактілері бойынша 57 қылмыстық іс ашылды.

Мәселен,  Департамент жуырда 2017-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері Өскемен және Алматы қалаларының аумағында кәсіпорындарды номиналды директорларға тіркегені анықталды.

Кейіннен олардың атынан басқа контрагент кәсіпорындарға жалған бухгалтерлік құжаттар жазылды, олар үшін олар айналымның жалпы сомасының 1,5% алып отырған.

Мемлекетке төленбеген салықтар түріндегі залалдың болжалды сомасы 2 млрд теңгеден асады.

Сонымен қатар, ҰҚТ ұйымдастырушыларының біріне қатысты ақша мен мүлікті заңдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Атап айтқанда, қылмыстық табысқа ол автокөлік пен гидроцикл сатып алды, сондай-ақ бизнес ұйымдастырып (мейрамхана, шағын қонақ үй және массаж салоны), 37 млн.теңге көлемінде табыс тапқан.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ҰҚТ ұйымдастырушылары қамауға алынды.

Жалпы департамент «Стоп обнал» жедел-профилактикалық іс шарасы шеңберінде жалған есеп шоттар жазып берумен айналысқан 8 қылмыстық топтың жолын кесті.

Тергеу барысында ұйымдасқан топтың басшыларының 2018-2020 жылдар аралығанда өздерінң таныстары мен туыстарына, сондайақ соттталғандар мен әлеуметтік жағынан аз қорғалған жандарға сыйақыға 20 артық кәсіпорын тіркегені анықталды.

Шындығында, жалған кәсіпорындар ҰҚТ бағынысты болған және жалған есеп шотарды жазып контагенттерді салықтан босату үшін пайланылған.

Кәсіпорындардың заңды кісіпкерлік қызметті жүрге асыруға қажетті офистік кеңселері, мүлкі, өндірістік-техникалық базалары, қоймалары, штаттық қызметкерлері болмаған.

Кәсіпорындардың тіркеу орындары және фигуранттардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша жүргізілген тінтулердің нәтижелері бойынша алғашқы бухгалетрлік құжаттама, мөрлер, компьютерлер мен криптокілттер, чек кітапшалары, ақша қаражаттары алынды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметі барысында мемлекетке 5,5 млрд. теңге шығын келтірілген.

Сотың үкімі бойынша С.Жарликов пен Т.Тетериннің басшылығындағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге, А.Середа, А.Тимонина, И.Пономаренко, А.Зырянов, И.Демитров – үш жылдан 7 желға дейінгі мерзімге, құрамында Я.Москвина  бар ұйымдасқан топ 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Жиында екінші дәрежелі банктердегі есеп шоттарды пайдалану арқылы жалған есеп шот жазып берумен айналысатын жалған  фирмаларға қарсы тұру, сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларына сәйкес, күдікті операциялар белгілері болған жағдайда, банктер ақша операцияларын тоқтатып, олармен іскерлік қарым қатынасты  тоқтататуға құқылы екендіктері талқыланды.

Кездесу барысында жиынға қатысушылардың пікірлері ескеріле отырып, Департамент пен банк филиалдарының криминалды ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру шараларына өзара қарсы тұру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив