«ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек мәселесі қарастырылды

«ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек мәселесі қарастырылды

Бүгін Адал көмек жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Байқоңыр»  ауданының әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Құралай Жанұзақованың қатысуымен «Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау» мәселесі бойынша тікелей эфир өтті.

Эфир барысында спикер аталған көмектің жасы бойынша зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы, көп балалы отбасылар үміткер бола алатындығын хабарлады.

            Әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен (176 312 теңге) аспайтын және басқа тұрғын үйі жоқ, жергілікті  (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде  тұратын жеке меншік иесіне немесе жалға алушыға (жалға алу туралы растайтын құжатымен ) жоғарыда айтылған санттағы азаматтарға беріледі.

         Өтемақы жылыту маусымы кезеңінде 16 айлық есептiк көрсеткiш (46 672 теңге) көлемінде жүргiзiледi.

Жылу беру кезеңінде (15 қазаннан 15 сәуірге дейін) әлеуметтік көмек алуға өтінішті  электрондық үкімет порталы www.egov.kz немесе Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, (Достық көшесі, 13 үй), сонымен қатар «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, (Бейбітшілік көшесі, 14 үй) бойынша жүгінуге болатынын хабарлады.

Өтініш беру үшін төмендегi құжаттарды қоса ұсынылу қажет: 

1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке бас куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі);

2) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тағайындалған еңбекақы, ажырасқан отбасыларға алимент туралы мәлімет 2021 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларына);

         3) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін, көп балалы отбасылар үшін – көп балалы отбасының куәлігі;

4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама нысан № 6 ХҚКО. Жалға алушылар үшін тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат;

5) банктік шот туралы мәлімет.

6) отбасы жөнінде мәлімет (неке туралы куәлік, қайтыс болғандығы туралы куәлік, неке бұзылғаны туралы куәлік, анықтама нысан № 4).

Тікелей эфир сілтемесі:

https://www.facebook.com/astana.adaldyq.alany/videos/286801053397571

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив