Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер дүйсенбі мен бейсенбі аралығында бұрын жасалған 8 қылмысты ашты

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер дүйсенбі мен бейсенбі аралығында бұрын жасалған 8 қылмысты ашты

«Ізін суытпай» ашу мүмкін болмаған әр бұрын жасалған қылмыс СҚО ПД басшылығының бақылауында. Криминалдық полиция бөліністері күдікті адамдарды анықтау бойынша жұмыс нәтижелері туралы күн сайын есеп береді. Мысалға, ағымдағы аптада дүйсенбі мен бейсенбі аралығында облыстың жедел уәкілдері бұрын жасалған 8 қылмысты ашты. Оның бәрі мүліктік қылмыстар. Олардың арасында 2 мал ұрлығы фактісі, соның ішінде біреуі «өткен жылдар» санатындағы Қызылжар ауданында жасалған жылқы ұрлығы. Сонымен қатар, биыл тамыз айында Мағжан Жұмабаев ауданында орын алған төрт қой ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды.

«Апта ішінде ашылған бұрын жасалған қылмыстардың қатарында екі пәтер ұрлығы бар, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. — Біреуінде пәтерден 150 мың теңгенің зергерлік бұйымдары, ал екінші жағдайда – 2 миллион теңгеге жуық 4 ноутбук жоғалған. Жедел уәкілдердің табандылығы арқасында бірнеше күннің ішінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Пәтер ұрлығын ашуға ерекше көңіл бөлінгенін атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда аталған қылмыс түрін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,6 %-ға азайтуға қол жеткізілді. Бұл тек криминалдық полиция бөліністерінің жұмыс тиімділігінің көрсеткіші ғана емес, осы қылмыс түрінің жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған профилактикалық жұмыстың нәтижесі болып табылады».

 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив