СҚО полицейлері мал ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады

СҚО полицейлері мал ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады

26 қыркүйекте Айыртау ауданыңдағы ауылдардың бірінің тұрғыны малын түгендеу кезінде үш қойының жоқ екенін байқаған. Шығын сомасы 150 мың теңгені құрады. Ол бірден учаскелік полиция инспекторына жүгінді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полицейлер екі күн бұрын ауыл тұрғындарының төңіректе бөтен «ВАЗ-2115» көлігін байқағанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті анықталды. Олар көрші ауылдың 26, 22 және 18 жастағы тұрғындары болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

«Мал ұрлау мәселесі өзекті болып қалуда», - дейді СҚО ПД  Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Жыл басынан облыста 27 мал ұрлығы тіркелді, оның 21-і бүгінгі күні ашылды. Айта кету керек, қылмыстың бұл түрінің ашылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 95,5 пайызға артты».

 Мал ұрлығының алдын алу – жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Полиция қызметкерлері адамдарға мүліктерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөнінде шаралар қолдануға кеңес береді. Мал ұрлаушылар үшін «қолайлы» жағдай туғызатын еркін жайылымға жол бермеу қажет. Қаңғыбас малдың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан полицейлер осындай 1864 құқық бұзушылықты анықтады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив