СҚО-да көктайғақта қайғылы жағдайдан аман қалған жүргізуші полицейлердің көмегіне алғысын білдірді

СҚО-да көктайғақта қайғылы жағдайдан аман қалған жүргізуші полицейлердің көмегіне алғысын білдірді

Солтүстік Қазақстанда қыс басталысымен жолдағы жағдай күрделене түсті. Өткен демалыс күндері апатқа ұшыраған желі қолданушыларының бірі Instagram-да «көрсеткен кәсіби іс-әрекеттері, қызметтерін адал атқарғандары және өте қиын жағдайға тап болғанда көрсеткен баға жетпес көмектері үшін» Мамлют ауданының полицейлеріне алғысын білдіріп жазыпты.

30 қазан күні кешке Мамлютка-Қостанай жолының бұрылыстары көп бөлігінде, автор көктайғақта «Toyota» шағын автобусына ие бола алмай, кюветке аударылғанын жазған. Кейін полицейлерге айтқанындай, машина екі рет аударылған, оның өмірін қауіпсіздік белдігі ғана құтқарып қалған. Жол-көлік оқиғасына түскен автомобильді үйіне қайтып келе жатқан Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкері Әлібек Осипов байқап қалған. Шағын автобусты өдері шығармақшы болған, алайда трос үзіліп кеткен. Көмекке әріптесі Азамат Көппергеновті шақырған. Ол келгенше Әлібек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдаған. Оның айтуынша, көпшілі тоқтап, көмектерін ұсынған. Олардың көмегімен Азаматтың «Нива» қызметтік көлігі машинаны шығарған.

Келер күні Қызылжар ауданында «Лада» автокөлігі көктайғақ салдарынан кюветке кетті. Көлік ішінде екі қыз болған. «Бағымызға орай, жанымызға келген полиция қызметкері троспен тартып шығармақ болды, кейін «УАЗ» көлігін тоқтатып, ол біздің «Ладаны» жолға алып шықты», —  дейді қыздардың біреуі. Көмекке келген қызметкер учаскелік полиция инспекторы Шамиль Евлоев болып шықты. «Лада» көлігі «жазғы» резинамен жүрген және ол қыздардың баратын жері Красноярка с. дейін ілесіп жүруге шешім қабылдаған, әсіресе оның бұл әрекеті олардың көңілін қуантты.

«Адамдардың білдірген ризашылығы — жақсы қолдау болып, қызмет атқаруға қосымша серпіліс береді, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. — Бұл күндері барлық сыртқы қызметтер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталды. Олардың бәрі құқықтық тәртіпті сақтаудағы өз міндеттерін орындайды, қажеттілік туындаған кезде жеке уақытымен санаспай қызмет атқарады. Жүргізушілерді жолда абай болуға шақырамыз. Ауа райын қадағалап, көлік құралдарының техникалық жағдайын ойлап, Жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив