ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 5142 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСТІ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 5142 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСТІ

Жыл басынан бері СҚО ПД-інде азаматтардың жеке қабылдауында 4518 адам болған. Оның ішінде 176 адамды ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев жеке қабылдады, тағы 141 азаматты оның орынбасарлары қабылдады. Бұл орайда әр бір адам сұрақтарына толықтай жауап алып, шешілмеген түйіндерін айта алды. Облыстың бас полиция қызметкері әр сәрсенбі сайын алдын-ала жазылу арқылы қабылдау жүргізеді. Кездесулер онлайн-режимде бейнеконферения байланысы бойынша жүзеге асырылады. Негізінен адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қиын кезеңдері бойынша,  әкімшілік құқық бұзушылықпен күрес туралы, сондай-ақ, жұмысқа орналасу мақсатында сұрақтар қойылады. Белгілі бір өтінішті шешу үшін осы мәселелер құзыретіне жататын қызметтер мен бөлімдердің басшылары қабылдауға қатысады. Әр адамға өтініштің мәні бойынша түсініктемелер беріледі.

СҚО ПД бастығының қабылдауына мына телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63. СҚО ПД бастығының орынбасарларының байланыс телефондары мен қабылдау күндері туралы ақпарат бөлімінің порталында жарияланған. Бұдан басқа, қалалық және аудандық бөлімшелер басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі өңірлік полиция әкімшілік ғимараттарының фойесінде орналастырылған.

"Жыл басынан бері облыстық полиция басқармасының басшылығына 5142 жазбаша өтініш келіп түскен. Оның ішінде бүгінгі таңда 1257 қанағаттанарлық, тағы 3790 адам жеке мәселелері бойынша толық түсініктеме алды,– дейді СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив