Жамбыл облысының Полиция департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Жамбыл облысының Полиция департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Жалпы республикалық азаматтарды бірыңғай қабылдау күні іс-шарасы  аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтармен кездесіп, олардың мәселелі  сұрақтарына жауап берді. Бұл күні Полиция департаментінің барлық аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің бастықтары да азаматтарды қабылдады.

Полиция департаменті бастығының жеке қабылдауында барлығы 23 азамат болды. Негізінен сұрақтар қылмыстық істер бойынша, соның ішінде алаяқтық фактілерін тергеу барысына қатысты болды. Сондай-ақ, азаматтар ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу талаптарына қызығушылық танытып, кейбір полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағым айтты.

Сонымен қатар, бірқатар көтерілген мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне кірмейтіні белгілі болды. Олар тек сот тәртібімен шешілуі тиіс, бұл туралы өтініш берушілерге түсіндірілді.

ПД бастығы Арман Оразалиев қабылдауға жазылған әрбір адамды мұқият тыңдап, қарастырылып отырған мәселеге қатыстылығына байланысты тікелей жауапты басқарма басшыларын шақырды. Нәтижесінде барлық азаматтар қажетті кеңестер мен түсініктемелер алды, ал көтерілген мәселелер полиция ведомствосының басшысымен жеке бақылауға алынды.

Осындай сипаттағы азаматтарды қабылдау шарасы Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін бұзуға жедел ден қоюға бағдар бере отырып, халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту мақсатында белгіленген міндеттерді іске асыру шеңберінде өткізілді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив