СҚО полициясында 583 әйел-офицер қызмет атқарады

СҚО полициясында 583 әйел-офицер қызмет атқарады

СҚО-да 2000-нан астам полиция қызметкері құқықтық тәртіпті сақтауда. Бұл қиын жұмыста әйел-офицерлер ер азаматтармен қатар қызмет атқаруда. Полиция департаментінде - 583, оның ішінде аттестатталған қызметкер - 373, ерікті жалдамалы -  195, қалғандары - әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер. Олардың көбі әйелдерге тән табандылық, назар аудару, сезімталдық сынды қасиеттер талап етілетін тергеу бөліністеріне, ювеналдық полицияға, криминалистика және басқа да қызметтерге еңбек етуге барады. Сондай-ақ, ер азаматтармен бірдей қызмет атқара отыра, отбасына да уақыт тауып қамқорлық танытады.

  «Әйелдер еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, басшы лауазымына дейін көтеріледі, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев. — Нәзік жандылар мамандықты таңдай отырып, оның  қиындығына мойымай, толығымен беріле қызмет атқарады».

Полиция департаментінде бірнеше жылдан бер Әйелдер кеңесі жұмыс істейді. Оның өкілдері қайырымдылық шараларына қатысып, көмекке мұқтаж барлық адамдарға барып, қолдау көрсетеді. Мысалы, қарттар күнін мерекелеу аясында Әйелдер кеңесі «мейірімділік пен құрмет күні» акциясын өткізді. Полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екі жесіріне, екі Ұлы Отан Соғысы  және ішкі істер органдарының ардагерлеріне, он бір тыл еңбеккерлеріне және бес мүгедекке көмек көрсетті. Оларға азық-түлік салынған пакеттер табысталып, шаруашылығына көмек көрсетілді. Қамқорлыққа алынған адамдарды тексеру үшін полицейлермен бірге СҚО ПД Емханасы бар госпиталь қызметкерлері де барып қайтты.

7 қазанда Департаментте полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың төрағалығымен кезекті Әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер шешілді, мысалы, төрағаның орынбасары болып ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сән Жұмағазина тағайындалды. Өзге мәселелер қатарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіндегі Солтүстік Қазақстан полициясының тарихы, реформалары мен қызметі туралы мерейтойлық кітап шығару жөніндегі жұмыс тобын құру мәселесі талқыланды. Отырыстың шешімі бойынша оған облыс полициясында жұмыс істейтін әйелдер туралы материалдар да енгізіледі.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив