Петропавл полицейлері балаларды бейнебақылау пультімен таныстырды

Петропавл полицейлері балаларды бейнебақылау пультімен таныстырды

Облыстық полиция департаментінде балаларға арнап Жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Петропавлдық балғындар басқару пульттерін қолдарымен ұстап, қаланы биіктен тамашалауға мүмкіндік алды. Аталмыш экскурсияның негізгі міндеті – Жедел басқару орталығының жұмысын көрсете отырып, балаларды Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақыру.

Төменгі сынып оқушылары облыс орталығы жолдарындағы жағдайды бақылады. Инспекторлар ереже бұзушылықтарының бейнекамералар арқылы қалай анықталатынын көрсетті. Жыл басынан Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларының көмегімен Петропавл жолдарында 6 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Көбінесе қырағы сақшылар жүргізушілердің рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесуі, қауіпсіздік белдігін тақпауы, жаяу жүргіншілердің жолдың белгіленбеген жерінен өтуі сияқты бұзушылықтарды анықтайды. Облыстық полиция департаментінің кішкентай қонақтары өздері қалаған көшелер мен жолдарда болып жатқанның барлығын өз көздерімен көрді.

Танымдық экскурсия облыстық полиция ведомствосының музейінде аяқталды. Жол қозғалысының кішкентай қатысушылары қозғалысты реттеушінің белгілерімен танысты.

Полицияға қонаққа келген Мейржан Бәйкен алған әсерімен бөлісті: «Бұл жер өте ұнады. Жаңа достармен таныстым. Бейнекамералар арқылы қаланы қарадым, өзім тұратын көшені шолып шықтым».

«Осындай ерекше сабақтар жол үстіндегі тәртіпті нығайтуға және балалардың жол-көлік жарақатының азаюына септігін тигізеді деген сенімдеміз. Жыл басынан облыс жолдарында балалардың қатысуымен 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив