Келісімге келу- нақты қадам

Келісімге келу- нақты қадам

Бүгінгі таңда еліміздің өркендеп дамуына, жақсы өмір сүруге не қажет, қандай қиыншылықтар бар, соларды болдырмаудың шарасы бар ма деген сұрақтарды тереңнен тұжырымдап ой түйдім.

Өмір ағысына сай сот жүйесінде де өзгерістер көп.

Әрқайсымызға белгілі, қазіргі кезде тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді - тәсілдерді пайдалана отырып, өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауында толық түрде көрсетілген. Сонымен қатар, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету және дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу мақсаты Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Заңында (әрі қарай – Заң) ерекшеленеді.

Осылардың негізінде соңғы екі жылда соттарда татуластырушы- судьялар белгіленіп, қажет болған жағдайда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну, дауларды мәні бойынша қарағанға дейін сотқа дейінгі хаттамалар жасап татуласу рәсімдерін жүргізеді.

Дегенмен, дауды сотта қарағанда татуласу рәсімдерінде ешбір себепсіз татуласуға қарсылық білдіріп, «Тек қана шешім керек» деген уәждер де болады. Сондай талап қоюлар баршылық. Соған бір мысал - тараптың бірі мемлекеттік мекеме болған жағдайдағы дау төңірегінде.

Талап қоюшы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті  сотқа жауапкер «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері бірлестігі» қоғамдық бірлестігіне алдын ала төленген төлемді (аванс) өндіруді сұрап, сотқа жүгінген.

Татуласу рәсімдері кезінде жауапкер талап қоюшымен жасалған шартты жоққа шығарған жоқ. Алдын ала 30% төлемді алғанын, шарттың міндеттемелерін орындамағанын мойындап, алған ақшаны бірден емес, екі ай көлімінде 2-3 транш арқылы төлеуге дайын екенін жеткізіп, сол себепті дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді қолдайтынын айтты. Алайда талап қоюшының өкілі татуласуға қарсы екенін білдірді. Себебін сұрағанда мемлекеттік мекемемен татуласу, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін жасауға тыйым салынған деп түсіндірді.

Расында, Заңның 1-бабының 3-тармағында тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды деп көрсетілген. Алайда, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген 2020 жылғы 29 маусымдағы №351-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сай Заңның 1-бабы 3-тармағы мынадай редакцияда жазылған:

3. «Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданылады».

Осы Заңның өзгерістерін ескеріп, судья татуласу рәсімдері кезінде, тараптардың бірі мемлекеттік орган болса дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі қолданылады деп түсіндірсе де, талап қоюшы татуласуға қарсылық танытты.

Тараптар татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жазбаша нысанда жасайды және оған қол қояды. Яғни талап қоюшы қарсы болғандықтан, судья оны мәжбүрлей алмайды. Сол негізде талап қоюшының талабы бойынша ымыраға келу оң нәтиже бермеді.

Шынын айту қажет, мемлекеттік мекемелердің барлығына сын айтуға болмайды. Мемлекеттік мекемелердің көпшілігі Заң талабына сай дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы, татуласу келісімдерін жазбаша нысанда жасап, сотқа жолдайды, оның дұрыстығын тексеріп, судья бекітеді. Статистикалық мәліметке сүйенсек, татуластырушы-судьялардан соң тараптардың бірі мемлекеттік мекеме болып келетін талап қоюлардың 20-25% басқа судьялардың өндірісіне даудың мәні бойынша қарауға жіберіледі. Ондай талап қоюлардың көбі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына байланысты жасалған шарттар бойынша туындаған даулар. Өйткені, шарт уақытылы орындалмаса, бөлінген қаражат мемлекет кірісіне қайтадан қайтарылған болса, оны қайтадан өндіру және орындау үшін соттың ұйғарымы емес, шешімі керек.

Ұзын сөздің қысқасы, мысал ретінде көрсетілген дау бойынша шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шарт емес, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шарт. Жауапкер-заңды тұлға, ол талап қоюды мойындап тұр. Дегенмен, себеп-салдарсыз талап қоюшының қарсылық білдіруіне байланысты, талап қою басқа судьяның өндірісіне бөлінді. Түбегейлі қарасақ, іс қозғалғанға дейін сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, татуластыру рәсімі: қарым-қатынасты сақтауға, моральдық және материалдық шығындарды барынша азайтуға, дәлелдемелер және дәлелдермен алмасуға, жанжалды тудырмай, дау-дамайды дер кезінде тоқтатуға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, татуластырушы-судьядан кейін бөлінген талап қою бойынша, басқа судья мен кеңсе маманына қосымша жүктеме артылады. Өйткені, судьяға талап қоюды сот өндірісіне қабылдап, алдын ала сот отырысына тағайындап, шешім қабылдау қажет.

Кеңсе маманына соттың шақыру қағаздарын, сот актісін немесе өзге де хабарлауды тапсыру жүктеледі. Бұның бәріне бөлінетін қаражат мемлекет кірісінен екенін мемлекеттік мекемелердің ұмытып кететіні өкінішті.

Тараптар дауды сот қана шешеді деп оған жүгінеді. Білген абзал: соттасу ұзақ уақыт алады әрі қымбат. Сот Сіздің пайдаңызға шеше ме, жоқ па, оны ешкім білмейді. Талап қоюшы – «менікі дұрыс» десе, қарсыласы да тап солай ойлайды. Талап қоюшы ма, әлде жауапкер жеңетініне ешкім кепілдік бере алмайды.

Сол себепті ұзаққа созылған тартыстан ортақ келісім әлдеқайда ұтымды деп санаймын. Мысалға келтірілген дау бойынша талап қоюшы 2-3 айсыз шешімді қолына ала алмайды. Оны әрі орындау үшін атқару парағын алып, оны сот орындаушыға жіберуі керек. Осылардың барлығын жасамай-ақ, жауапкер келіскен кезде, татуласу рәсімдерінде талап қоюшы Заң негізінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағанда, судья оны ұйғарыммен бекітіп, өндіріс қысқартылушы еді. Әттеген-ай, бұл жағдайда талап қоюшыға – «Тек қана шешім керек болды»!.

Татуластыру рәсімдері бұл – бүгінде әлемдік тренд. Дамыған елдерде даулардың 95% дейіні татуласумен бітеді. Татуласудың, бітімге, бір мәмілеге келудің пайдасы көп. Нақты айтқанда:

  • сотқа біраз құжаттарды дайындау қажет болмайды;
  • мемлекеттік баж төлемейсіз (талап сомасынан 1%, 3%);
  • сотқа сабылмайсыз;
  • сот актілерімен келіспегенде, шағымданып жүрмейсіз;
  • істің соттарда қаралуын сарыла күтпейсіз.

Қазіргі уақытта татуластыру рәсімдері үшін барлық жағдай жасалған. Сот дауды тиімді шешудің жолын табуға әркез көмектеседі. Әрбір тарап үшін «Татуласу – бұл жеңіліс емес, керісінше үлкен жеңіс!» екенін білгені жөн. Соның арқасында қарым-қатынасыңыз сақталады. Ортақ тіл табысу, келісімге келу кез-келген уақытта маңызды! 

Эльмира Ебенбаева 

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

112 пікір

  1. аватар
    Sylvia 12 ноября 2026 08:59

    You can play slots and other casino games to
    your heart’s content without having to actually spend any money – but there’s the
    possibility that you could redeem some of
    your coins for prizes. wire transfer casino deposit transfers are great when you
    want to move a lot of money very securely, but they do come with a
    few trade-offs, like slower processing times and potential fees.
    Withdrawing via wire transfers isn’t a very quick option,
    but sometimes it’s the only option (if you want to withdraw a lot of money at once).
    Wire transfer casino deposits are quicker than withdrawals, but
    they still take a few days. They’re super quick when you compare them
    with other wire transfer casino transactions, which can take up to a week; at
    DraftKings, you’re looking at a couple of days. Their wire transfers are quite
    quick, and you can tell that they’re aiming for a speedier process than most so they can keep players happy.

  2. аватар
    Cierra 12 ноября 2026 09:17

    Yes, there are a few caveats regarding withdrawals,
    but this is the lesser of two evils given the
    complexity of the gaming landscape for Aussie punters.
    In second place are Visa and MasterCard casinos; they have the edge over
    vouchers in terms of versatility, and many players are
    simply more accustomed to using them. There is another drawback to Australian online casinos accepting
    Neosurf that high rollers should bear in mind. Casino Neosurf
    only accepts deposits; to withdraw funds, you’ll need to find an alternative.
    Thousands of online pokies Neosurf, hundreds of live tables, dozens of crash games and arcade games – all of these become
    eligible for real-money betting as soon as you
    redeem your voucher. This payment method makes it possible to play absolutely every
    type of game available at gambling clubs.

  3. аватар
    Alda 12 ноября 2026 10:58

    Those with dual licences (Curacao plus Malta or Isle of Man) offer the strongest player protection. I look for
    weekly or monthly reload deals offering 25% to
    50% back on subsequent deposits. Always confirm the welcome
    bonus applies to Australian players before claiming.
    The standard welcome bonus at KYC casino sites ranges from a 100% to 200% match
    on your first deposit. Neosurf is the best fiat alternative for Aussies who
    prefer not to manage a crypto wallet. I look for a Curacao eGaming licence as the offshore baseline and confirm SSL encryption is in place.


    References: www.smartprosolusi.com

  4. аватар
    Kraig 12 ноября 2026 11:03

    If you want extra security and the option to transfer funds directly from your bank account without entering additional details, this method is perfect for you.

    Remember to claim a welcome bonus when gambling PayID pokies.
    All that’s required is to get an Aussie bank account and send funds to
    the casino. Begin by selecting Australian online pokies PayID casinos that prioritise fair gameplay and
    provide a secure environment. Options like POLi, BPAY, and Cryptocurrencies have gained popularity among Aussie players for their reliability and convenience.



    References: https://cybreongames.com

  5. аватар
    Connor 12 ноября 2026 11:28

    This applies to all pay by phone casinos in the UK and is worth factoring
    in before registering. The most common options are
    PayPal, which typically processes within 24 hours, or
    e-wallets like Skrill and Neteller. Pay by mobile casinos let you
    deposit through your phone bill or pay-as-you-go balance without
    sharing card details. They also feature some guide videos
    to provide step by step instructions to use the payment service.
    BPay is a service that links to your local bank account
    and so you will need to make sure you have funds in your bank account
    to make bPay deposits.

    References: https://engagefortheplanet.comparative.space/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.