Сот тәжірибесінде істерді бітімгершілікпен аяқтаудағы өзекті мәселелер

Сот тәжірибесінде істерді бітімгершілікпен аяқтаудағы өзекті мәселелер

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауында татуласу рәсімдерінің жалпы нормалары мен қағидаттары заң шығарушымен нақты түрде реттелген. Яғни заңда айтылғандай: Сот тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті ұйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы заңда белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы  және заңға қайшы келмеуі керек. Сондықтан, татуласу келісімін сот бекітеді.

Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды. Сонымен қатар, татуласу келісімі оларды орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуға тиіс.

Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптар, сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаған жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қарамайды.

Сот татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын ол бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді. Сот қарау нәтижелері бойынша татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Татуласу келісімін бекітуден бас тартылған жағдайда, сот бұл жөнінде ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі және шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.

Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым беруге, прокурор өтінішхат келтіруге болады. Татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.

Тараптар бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды (жанжалды) судьяның немесе медиатордың жәрдемдесуімен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты, егер бұл қосымша процестік әрекеттерді және істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық сатыдағы сотта мәлімделуі мүмкін. Тараптар кассациялық сатыдағы сотта өтінішхатпен бірге бір мезгілде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс.

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық  сотының төрағасы Р.К.Кыдыралин

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

86 пікір

  1. аватар
    Alfred 31 октября 2026 04:51

    Kein Anmelden, keine lästigen Wartezeiten, aber die volle Sicherheit
    einer Banküberweisung. Sobald diese gefunden ist,
    können Sie sich mit Hilfe Ihrer üblichen Daten einloggen und, nicht anders als bei herkömmlichen Online Überweisungen, die entsprechenden Angaben über Empfänger und Höhe des Betrags machen. Es wird zwar nicht das Geld, aber eine Bestätigung über die Zahlung, sofort an das Casino gesendet und der Betrag umgehend
    freigegeben. Ohne vorherige Registrierung können Kunden die Dienstleister aus
    München zwischenschalten und dabei das normale E-Banking Verfahren ihrer Hausbank nutzen. Deutsche Spieler
    im Online Casino haben eine Reihe von Möglichkeiten,
    Echtgeld Einzahlungen vorzunehmen.

    References: jp.wikiabroad.com

  2. аватар
    Heidi 1 ноября 2026 02:51

    Usually, there is a minimum deposit required to claim, and any winnings, bonus cash, or cashback
    you receive is subject to wagering requirements.
    This sets requirements for the storage, processing and transfer of
    card data, and includes measures such as encryption,
    access controls and regular security testing. Although deposits made with Apple
    Pay are quick and easy, it is not currently accepted as a withdrawal method at Australian online casinos.

    Here is a quick look at the main numbers for bank transfer casinos in Australia.
    Instant bank transfer casinos are still popular in 2026.

    References: https://www.abstract.co.uk/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.