Сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесі

Сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесі

Қазіргі уақытта, сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сот ісін жүргізу тілі ретінде басымдық - мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Мемлекеттік тілде талап қоюды дайындау кезінде туындайтын сұрақтарды шешу тәжірибелік көмек көрсету, мемлекеттік тілде берілетін талап қоюдың үлес санын көбейту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Сондықтан, мемлекеттік тіліміздің кең қолданысын қамтамасыз ететін уақыт келді.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабына сәйкес, Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот үйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы - сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.

Ата-заң – Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі», - деп көрсетілген.

Қоғамның іргелі дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолдану аясы, берік орнығуы, оның сапалық және сандық үлесінің артуы да аса маңызды. Сот ісін жүргізу тілінің мәні өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы азаматардың қай ұлтқа жататындығына қарамастан сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етіледі.

Аталған бағытта, Ақтөбе гарнизонынң әскери сотымен әскери басқару органдары және әскери бөлім басшылықтарымен бірлесе отырып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ай сайын іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілді қолдануды жетілдірудің алғышарттарына талап қоюды мемлекеттік тілде беру, мекемелер арасында хат алмасуды толығымен мемлекеттік тілде жүргізу жатады.

Осыған сәйкес, мемлекеттік тілде талап қоюды дайындау кезінде туындайтын сұрақтарды талқылау және  оларды шешу арқылы мемлекеттік тілдің сот өндірісіндегі қолданылу үлесін арттыруға мүмкіндік аламыз.

Р.К.Кыдыралин

Ақтөбе гарнизоны

әскери сотының төраға м.а.                

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

152 пікір

  1. аватар
    Mitzi 7 ноября 2026 20:45

    Using PayID as your payment method at online casinos
    in Australia not only offers quick and secure transactions but also opens the door to a variety of exciting bonuses.
    When it comes to withdrawals in online pokies that
    accept PayID, the usual limits range from AU$ 50 to AU$
    10,000 per transaction. The Pay ID transfer itself is close to instant after approval — the main variable is how long the payid
    withdrawal casino spends checking KYC, wagering completion, and risk flags before
    it initiates the payment. At payid online casinos, you use the casino’s Pay ID address for deposits and your own Pay ID for
    withdrawals, with transfers routed securely through your
    bank’s own app environment. If a brand routinely leaves Pay ID withdrawals in pending status for more than two business days without explanation, it should not be treated as a genuine instant payid withdrawal casino regardless of what its marketing claims about casinos
    with PayID. The first window is casino approval
    time — how long the operator spends running its own KYC, wagering,
    and fraud checks before it releases the funds.


    References: https://strucfit.com

  2. аватар
    Verlene 7 ноября 2026 21:10

    Under the Interactive Gambling Act 2001, Australian law primarily targets operators, not individual players.
    Groups and pages promoting "new PayID pokies" with free credit through Facebook, WhatsApp or downloadable apps are not licensed casinos.
    PayID comes in when you make your first real deposit, which
    many casinos require before you can withdraw winnings from
    a no deposit offer. PayID itself has no minimum transfer, so each casino sets its
    own floor. Lucky 7, Mino, SpinsUp, Wild Tokyo, PlayAmo and
    Dragon Slots carry their codes on site. High-volume players
    extract significant long-term value from tiered
    schemes.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.