Тәуелсіздік толғауы

Тәуелсіздік толғауы

Тарихымыздан белгілі 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік құндылығы. Бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Халық, ел, ұлт, мемлекет болып қалыптасу үшін ең қажетті алғышарттардың бір де бірегейі- оның егемендігі, өзге жұрттан тәуелсіздігі, даралығы, халқының бостандығы екенін білеміз. Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып, ұрпағына қашан да бірлік, елдік, ерлік жайлы насихаттаудан тынған емес. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан, біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз да осы тәуелсіздік арқасы деп айта аламыз.Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ерлік пен Елдік қасиетіміздің өзара тығыз бірлігі ұрпаққа – ұран, ұлтымызға ұйытқы бола берері анық. Елдің тұтастығы мен тыныштығы – өмірін сарп еткен ерлер мен батырлардың өлшеусіз ерлігінің, асқақ рухының арқасында келді. Бұл қасиетті ерлік шежіресі – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы. «Тәуелсіздік – тарихтың мәң­гіге берген еншісі емес, халықтардың мамыра­жай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал»,  деген сөздер барша­мызға қосымша күш беріп, ел дамуы жолындағы міндеттерді аянбай атқаруға бастайды.  

Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын! 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Жайғалиева А.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

37 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.