Брифинг - 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша
Ақжайық аудандық сотының төрағасы А. Нургалиев 2023 жылдың
9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысты қорытындылау туралы БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг өткізді.
Шара барысында төраға 2023 жылғы 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын және статистикалық есептің қортындысын жариялап, 2022 жылмен салыстырғанда түскен қылмыстық істердің пайызы тең болса, азаматтық істер бойынша арыз 16,8 пайызға ал, әкімшілік істер 24 пайызға артқанын айтып жеткізді.
Сонымен қатар, сот төрелігінің мақсаты - халықтың сотқа сенімін арттыру және азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау екенін, заңнамаларға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді, қазіргі таңда сот жұмысы оңтайландырылғанын, істердің басым бөлігі электронды форматтағы тәртіппен қаралатынын атап, істердің сапалы қаралуына, қабылданған сот актілеріне және олардың орындалуына назар аударып өтті.
Төраға брифингты аяқтай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шаралары үнемі назарда екенін, судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің талаптарын ұстану тәртіптерін түсіндіріп, БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]
58 пікір