Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың рөлі

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың рөлі

Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Заманауи технологияларды енгізу мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің нәтижесінде халықтың әрбір мемлекеттік қызметке қол жеткізу мүмкіндігі оңтайландырылып, автоматтандырылған форматқа көшті. Ал сот саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты – сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Азаматтар үшін сот жүйесін жеңілдету және қолжетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетті. Жаңа технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, тұтастай алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде сот жұмысының сапасын, сот органдары қызметінің мобильділігін және ашықтығын арттырады. Сонымен қатар, судьялардың және сот қызметкерлерінің, азаматтардың жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған.

Онлайн сервистер арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және және сот актісін басып шығаруға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген, сонымен  қатар, белсенді жаңалықтарды қарауға, сот отырыстарының тізімін, істі қаралу барысын және жолданған құжаттар, сот отырыстары туралы мағлұматтармен таныса алады. 

К.Қуаныш 

Ақтөбе гарнизоны әскери соты

әкімшісінің жетекші маманы                                                       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

33 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.