Ұсақ құқық бұзушылық ұғымы және оның салдары

Ұсақ құқық бұзушылық ұғымы және оның салдары

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл ежелден қалыптасқан үрдіс және тәртіпті орнатудың өзіндік жолдары, ережеі бар. Дегенмен бес саусақ бірдей емес, арамызда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім адамдар да кездесіп жатады. Осыдан келіп құқықбұзушылық орын алады. Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау.

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 25 тарауында қамтылған. Нақтырақ айтсақ, 434 бап ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орында былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап, тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Ел тұрғындары заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.

Сондықтан әр еліміздің әр тұрғыны заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етуі керек деп есептеймін. Әрбір адам өзінің іс-әрекетіне қашан да саналы түрде зор жауапкершілікпен қарауға міндетті. Заң талаптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны анықтаған жағдайда, сотпен құқық бұзушыларға тиісті жазалар қолданылатынын ескерген жөн.

Г.Шуйншкалиева, Жаңақала аудандық сот-кеңсесінің бас маманы, сот отырысының хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

41 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.