Сот үлескерге салынған қаражаттың бір бөлігін қайтарды
2019 жылдың сәуірінде талапкер мен азаматтардың тұтыну кооперативі арасында үлестік және кіріс ақысы туралы келісім шарты жасалды. Көрсетілген келісімге сәйкес талапкер тұтыну кооперативіне кіру, үлес және ай сайынғы жарналар есебіндегі ақша сомаларын аударды, оның орнына жауапкер талапкерге жылжымайтын мүлік сатып алуға міндеттенді. Шарт жасалған күннен бастап бір жыл өткенімен, жауапкер жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша өз міндеттемелерін орындамады. Талапкердің төленген ақшаны қайтару туралы наразылық хаты жауапкермен жауапсыз қалдырылды. Осыған байланысты талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды.
Сот келісімшарт талаптарын сақтамау жауапкердің кінәсінен болғанын анықтады, соған байланысты бұл мән-жайды шартты елеулі бұзу және оны бұзудың негізі деп санады. Алайда, сол келісімнің талаптарына сәйкес, кооперативке мүшелік тоқтатылған жағдайда кіру жарнасы қайтарылмайды және келісімшартқа қол қою арқылы талапкер осындай шартпен келісіп, сонымен қатар кіру жарнасын қайтару туралы қосымша келісім жасақталмаған. Осыған байланысты, сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, талапкерге 1 млн. теңге көлеміндегі үлес пен ай сайынғы жарнаның сомасын, сондай-ақ өкілдің көмегіне ақы төлеу шығындарын өндірді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]