Оралдың турагентін алаяқтық үшін соттады. Бір сот ісінің тарихы
2019 жылдың шілде айында ерлі-зайыптылар қаланың туристік агенттіктерінің біріне жүгінеді. Жасалған келісім шарттарына сәйкес, олар 09.09.2019 мен 09.16.2019 аралығында Самарадан ұшу арқылы Түркияның Анталия курортына тур жоспарлайды. Турдың құны 481 980 теңгені құрап, олармен толық төленеді. Алайда Курумоч әуежайында туристер көрсетілген рейстің жолаушылар тізімінде жоқ екендігі анықталады. Әуежай менеджері агенттіктің электронды билеттері қолдан жасалған деп мәлімдеді. Оралға келгеннен кейін агенттіктің иесіне талап-хат жіберілгенімен, туроператордың кінәсінен саяхаттың шырқы бұзылды деп алға тартқан олар оның кінәсін мойындамайды. Абай полиция бөліміне жолданған өтініш те еш нәтиже бермейді, тек өтініш тіркелді, келісім-шарттық қатынастарға сілтеме жасай отырылып қалдырылады.
Осыдан кейін олар сотқа жүгінуге мәжбүр болды.
Орал қаласының №2 сотында азаматтық істі қарау кезінде «К» жеке кәсіпкерінің туристік агенттердің мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілмегені анықталды. Сонымен қатар, нақты құжаттардың орнына жауапкер талапкерлерге жалған туристік пакет берген, атап айтқанда туроператордың «Sanmar» ваучері, ал ваучердің төменгі жағында «Space Travel» туроператоры деп көрсетілген. Нақты жолдамаларда екі түрлі оператордың аты-жөні болмауы керек және түпнұсқада берілуі керек, сонымен бірге турпакетке ақы төлеу кезінде қолма-қол түбіртек беріліп, фискалды түбіртек берілмеген.
Компанияның жауабы зерттеле келе, одан «К» жеке кәсіпкерінің олармен ешқашан ынтымақтастық туралы келісім жасамағандығы және экскурсияға ұсынылған құжаттар түпнұсқа бола алмайтындығы анықталды, өйткені «Sanmar» туроператорында өзіндік жолдамалар бар екендігі, оны өзгерту мүмкін еместігі анықталады.
Ұсынылған барлық дәлелдемелер жиынтығында туристік қызметтерді көрсету келісімшартын жалған деп тану, келісімшарт бойынша төлемнің барлық сомасын және сот шығындарын өндіру туралы талап қанағаттандырылды.Өз кезегінде сот Орал қаласының прокурорына сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болуын немесе болмауын бағалау үшін, сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаментінің агенттік қызметінің заңдылығын тексеруге назарын аудару үшін анықталған бұзушылықтар туралы хабарлау қажет деп санады.
Жеке қаулылардың жауаптары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сотталушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, ал прокуратурамен алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, оның материалдары сотқа жіберілді.
P.S. Бүгінгі күні Орал қалалық сотының үкімімен туристік компанияның иесі 190-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (алаяқтық) 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасымен кінәлі деп танылды.
Ол жазасын өтеудің барлық кезеңінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылды.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 сотының бас маманы
[xfvalue_img]
1 пікір