«Мемлекеттік тіл» бүгіні мен болашағы
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері аз да емес. Алайда кейбір мекемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр. Бір жағынан әлі күнге дейін орыс тілінің ырқынан шыға алмай жүргендігімізден болар. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағының қарамағында болды. Ата-анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, дінін, тіпті салт дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен еліміз сан ғасырлы аңсаған тәуесіздікке қол жеткіздік.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін өсіруге қатысты Елбасы жүктелген тапсырма әрбір қазақстандық үшін, барша халық үшін аса маңызды деп есептеймін. Себебі, өз тіліміздің тағдыры мен келешегін өзімізден басқа кім ойлайды?! Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік органда, ұжымда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру бағытында игілікті жұмыстар атқарылуда. Оған қазыдан бастап, қатардағы қызметкерге дейін бір кісідей жұмылып атсалысуда. Заңдық тұрғыдан қарасақ, елімізде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған заңнамаларымыз жеткілікті. Соның бірі – мемлекетіміздің «Тіл туралы заңы» мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Осы заңнамалық құжатттардың талаптарына сай, Жоғарғы Сот төрағасының «Іс қағаздардарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» өкіміне сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті жұмыс жоспарына сай, соттың негізгі қызмет мәселелері жөніндегі өкімдер, өндірістік, жедел кеңес хаттамалары, дәрістерін мемлекеттік тілде өткізіледі. Бүгінгі заманда бірнеше тілді меңгергеннің артықшылығы жоқ. Дейтұрғанмен, ұлтымыздың құнды жәдігері мемлекеттік тілімізге жанашыр көзқарас бар жерде тіліміздің өркендеп, өз тұғырында тұратынын ұмытпауымыз керек.
Гүлжанар Давлетова
Орал қаласының №2 сотының бас маманы
[xfvalue_img]
19 пікір