Заң және тәртіп

Заң және тәртіп

«Заң мен тәртіп »- бұл Қазақстандағы қоғамдық –саяси өмір мен мемлекеттік идеологияның негізгі қағидаты. Бұл қағидат Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қақазстан»: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында және мемлекеттік саясатында басты орын алады. Заң және тәртіп - бейбіт өмірдің негізі Заң және тәртіп - кез келген қоғамның басты тірегі. Заңсыз қоғамда тәртіп болмайды, тәртіпсіз қоғамда бейбіт өмір болмайды. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің азаматтарының құқығын қорғау үшін заң қабылдайды. Заң - бұл барлығына ортақ ереже. Заңды сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Егер адам заңды бұзса, ол міндетті түрде жауапқа тартылуы керек. Тек сонда ғана қоғамда әділдік орнайды. Тәртіп дегеніміз - сол заңды күнделікті өмірде орындау. Қоғамда тәртіп сақтау, жолда жол ережесін сақтау, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстау - бұлардың барлығы тәртіпке жатады. Тәртіпті адам ешқашан өзгенің құқығын таптамайды, біреудің затын бүлдірмейді, айналасына зиян келтірмейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидасы ерекше маңызға ие. Бұл - тек құқық қорғау органдарының  жұмысы емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Заңды білетін және оны құрметтейтін жастар - елдің болашағы. Қоғамдағы тәртіп тек күш құрылымдарының ғана емес, әрбір азаматтың саналы жауапкершілігіне байланысты. Қорытындылай келе, заң - қоғамның қорғаны, тәртіп - оның жүрегі. Заңды сақтаған ел ғана дамиды, тәртіпті халық ғана бейбіт өмір сүреді. Егер әрқайсымыз өзімізден бастасақ, елімізде тыныштық пен әділдік орнайды.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты  әкімшісі басшысының орынбасары                                                                            А.А.Уюмдасова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.